Теміржол саласында заңсыздыққа жол жоқ

Еліміздің темір жол саласында жолсеріктерінің заңсыз жолаушылар тасымалдау және жүк бөлімшелерінде тиісті құжатты рәсімдеусіз жүк тасымалдау секілді бірнеше тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністері бар жағымсыз фактілері орын алуда.Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Агенттіктің бастамасымен теміржол саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін тиісті деңгейде азайту, алдын алу мақсатында өткен жылдың қараша айының 2 мен 9 аралығында Атырау-Алматы, Маңғышлақ-Атырау, Атырау-Ақтөбе, Ақтөбе Атырау және Ташкент-Ургенч-Саратов бағытындағы пойыздарға көлік бақылау инспекциясы және арнайы мониторингтік топ мүшелерімен рейдтік шара жүргізіп, нәтижесінде вагондарда 5 техникалық кемшіліктер 21 жол жүру құжатынсыз мінген азаматтар анықталды.Анықталған кемшіліктер бойынша 3 жолсерігіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Теміржол саласындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басқарма төрағасы С.Мыңбаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.Бектеновтің қатысуымен жиналыс өткізген болатын. Басқарма төрағасы С.Мыңбаев бағынысты қызметкерлеріне теміржол саласындағы заңсыздық фактілерді жою мақсатында іс-шаралар қабылдауды тапсырды және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен осы кемшіліктерді жоюға қолдау көрсетуін сұрады. Бұл шаралар алға қарай да жалғасын таба бермек.

Самат САҒЫТЖАНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521