Сотына сенген ел келешегіне сенеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам” бағдарламасын жүзеге асырып, қылмыстық процесті жетілдіріп, реформа жүргізудің жолдарын нақтылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары кірді.

Реформаның басты мақсаты – қылмыстық процесте адам құқығын қорғауды нығайту, іске қатысушылардың жарыспалылығын арттыру, сот бақылауын кеңейту болып табылады.

Республикамыздың кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 118-VI Заңы қабылданды.Аталған өзгерістер мен толықтыруларды атап өтетін болсақ:

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктіні ұстау уақытын қысқарту. Еуропа елдерінің тәжірибесін басшылыққа алып, Заңмен қабылданған өзгерістерге сай, соттың санкциясынсыз қылмыс жасаған тұлғаны ұстау уақыты 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандарға қатысты 24 сағатқа қысқарды. Ерекше жағдайларда ғана 72 сағатқа дейін ұстауға, яғни аса ауыр, террористік және экстремистік, жаппай тәртіпсіздік кезінде, қылмыстық топ құрамында, кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасына қол сұғылмаушылық адам өліміне әкеліп соққан қасақана жасалған ауыр қылмыстық істер бойынша жол берілетін болды.

Электронды қылмыстық іс жүргізу енгізілді. Электронды қылмыстық іс дегеніміз- бұл қылмыстық іс материалдарын цифрлық ақпаратта сақтауға арналған, қағаздық нұсқаны толық алмастыратын, жоғары деңгейлі қауіпсіз ақпараттық жүйе. Осыған орай ҚР Қылмыстық- процестік кодексі 42-1-бабымен толықтырылып, бұдан былай қылмыстық сот ісі қағаз немесе электронды форматта жүргізіледі. Осы бапқа сай, қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады.Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулылар шығарады.

Қылмыстық сот ісін тек қағаз түрінде жүргізуге елеулі ресурстар (еңбек, қаржы, уақыт) жұмсалатыны белгілі. Сонымен қатар процестік материалдарға дер кезінде қол жеткізуге мүмкіндіктерінің жоқтығы іске қатысушылардың жалған материалдар жасауға тәуекелділігін сақтайды, яғни электронды қылмыстық іс құқық қорғау органдары мен азаматтардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ашықтығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сот бақылауы одан әрі кеңейтіледі. Бұл ең алдымен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоса алғанда процестік әрекеттерді санкциялау нысанында орындалады. Өзгерістерге сай өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген тұлғаның жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу (егер бар болса) туралы сотқа жүгінуге құқылы екенін ерекше атап өту қажет. Тұлға өзіне жасырын тергеу әрекеттері жүргізілгені туралы хабарлаған соң 15 күн ішінде шағым беруге құқығы бар. Бұл норма азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуының бір кепілі.

Азаматтардың құқығын қорғау деңгейін көтеру. Бірінші кезекте кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстар бойынша күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбау негіздерінің тізімі кеңейтілді, яғни ҚПК-нің 136-бабы үшінші бөлікпен толықтырылды.

Құқық қорғау органдарынан тергеу жүргізілген оқиғаның шеңберінен тыс дәлелдемелер жинауды алып тастайды. ҚПК-нің 23-тарауында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған қылмыстық істер бойынша ғана дәлелдеу жүргізіледі. Егерде жаңа фактілер анықталған жағдайда сотқа дейінгі (ЕРДР)жаңа құқық бұзушылық болып тіркеледі. Және содан кейін ғана бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекетімен біріктірілуі мүмкін.

А.КОСЫМБАЕВА,

Махамбет аудандық сотының кеңсе –жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521