Соттағы цифрландыру

Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Махамбет аудандық сотымен «Соттағы цифрландыру, виртуалды сот және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруда заң талаптарының сақталуы» тақырыбында көшпелі семинар өткен болатын.

Оған сот, прокуратура, АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің инспекторлары, БАҚ, билер кеңесі мүшелері қатысты.

Семинарды аудандық сот төрағасы Б.Қадырғалиев ашып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруда заң талаптарының сақталуына тоқталды. «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова баяндап, елімізде 2018-2022 жылдары іске асырылуға тиіс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, бағдарламада электрондық азаматтық істерге көшу және электрондық сот залын құру көзделгенін, сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгенін хабарлады. Сонымен қатар «Сот кабинеті», «Вертуалды сот» туралы да толық мәлімет берді. «Виртуалды сот» пилоттық жобасы Атырау қаласында 2018 жылдың маусымынан бері жүзеге асқанын, аудандық сотта 20 іс виртуалды тәртіпте қаралғанын айтты.

p

p

Билер кеңесінің мүшесі, «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Н.Ерғалиев та билер кеңесінде қаралған жайттарға мысалдар келтіре отырып, баяндағаны көкейге қонымды болды. Соңғы кездері ажырасу көбейіп, отбасы құндылықтары жоғалып кеткенін, жас жанұялардың балалардың болашағын ойламай, ажырасуға бел буатынын, арасында қателіктерін түсініп, қайта қосылғандар барын да жасырмады. Учаскелік инспекторлар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. Семинар- кеңесті аудандық сот төрағасы Б.Қадырғалиев қорытындылады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521