Сатушыны балағаттады

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А. Махамбет ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінің сатушысы М-ны ішімдік ішкен масаң күйде дүкенге келіп, қарызға сыра сұрапты. Сатушы сұрағанын бермегесін М-ны ешбір себепсіз боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздермен ұсақ бұзақылық іс-әрекетін жасап тынған екен. А. өз кінәсін сот отырысында толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтынын айтқан көрінеді.

Сот отырысында жәбірленуші М. құқық бұзушы А-ға кешірім беретінін, қояр талабы жоқтығын айтып, жауап беріпті. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 434-бабы 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 12 625 тг әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылыпты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Сурет:Дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521