Oтбасы - басты құндылық

Аудандық сот ғимаратында «Отбасылық қарым-қатынас» тақырыбында семинар ұйымдастырылған болатын. Семинарға аудан прокуроры Н.Ешманов, аудандық сот судьясы С.Амантаев, кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова, қоғамдық кеңес төрағасы С.Шотпақов, аналар кеңесінің төрайымы Ж.Мұғауова, аудандық әкімдіктің бас инспекторы Г.Төлегенова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Г.Үмбетова қатысты.

Республика көлемінде жүріп жатқан «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аудандық сотта да енгізілді. Жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне шаралар көру, жағдайлар жасау.

Мемлекетімізде отбасы құндылықтарын сақтау- дың түрлі жолдары бар бағдарламалар мен жобалар жүзеге асып, қаншама психологтер жұмыс жасап жатыр. Бірақ бұлардың бәрі ерлі-зайыптылардың ажырасуын азайтып жатқан жоқ. «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі деректерге жүгінсек, үстіміздегі жылдың үш айы ішінде 28 неке бұзу туралы арыз түскен. Оның 12-не шешім шыққан, 1 іс сотқа кетіп, 6 іс өндірістен тоқтатылған. Соттарға заң арқылы ерлі-зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану жүктелген. 2011 жылдың 28 қаңтарда ҚР «Медиация» туралы заң қабылданды. Дауларды баламалы шешу түрі-медиация. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте отбасындағы қатынастарда және басқа туындайтын дауларда қолданылады.

Билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов отбасын сақтау, бүгінде неке бұзу көбейіп кеткенін, онымен бірлесе күресу керектігі жайлы ойын ортаға салды. «Отбасы сот» пилоттық жобасын қолдайтынын, бұл жоба шетелдік тәжірибеден алынғанымен, елімізде қазақи ұлттық дәстүрмен жалғасын тапса, жастар тәжірибесі, отбасының киелі екені дәріптелсе, себепсіз неке бұзуы азаяр ма еді деген ой тастады.

Аудан прокуроры Н.Ешманов отбасылық сот жобасын қолдайтынын, жобалар бойынша заңдарға өзгерістер енгізіліп, некені оңайлықпен бұзып қана қоймай, кезекті сатылардан өтетіндей етіп, заңдарға билер кеңесін қосу арқылы өзгерістер енгізілсе, онда АХАЖ-дың статусын көтеруге, отбасын құруға келген азаматтарды үгіттеу арқылы некенің маңыздылығын түсіндірді. Ал Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Шамалиқызы сатылы түрде механизмді қолдануды ұсынып, оны жоғары жаққа ұсынған дұрыс деп есептейді.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Г.Үмбетова «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қоғам үшін маңызды екенін, бұрынғы АХАЖ бөлімін қайта қалпына келтіріп, қоғамдағы орнын айқындаса, жас отбасын тіркеп қана қоймай, олардың толыққанды қалыптасып, берік шаңырақ болуына септігін тигізер еді деген уәжін қосты. Тақырыпқа байланысты аудандық әкімдіктің бас инс- пекторы Г.Төлегенова да өз пікірін білдірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521