Оңдағани жүрген жер оңға басады

«Махамбет ауданы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет күніне орай ардагер, Алға халық театрының режиссері, "Махамбет ауданының Құрметті азаматы" Махамбет Оңдағанидың жеке тектік құжаттарынан көрме ұйымдастырды.

Махамбет Оңдағани 10 қаңтар 1937 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Махамбет (бұрынғы Бақсай) ауданының 14-ауылында қызметкердің отбасында туған. Әкесі Дүйсекенов Оңдаған «Госплодоовощ» мекемесінде есепші болып қызмет етіп тұрғанда 8 шілде 1938 жылы «Халық жауы» деген желеумен тұтқындалып, сол жылы 25 қазанда атылған. Жазықсыз «халық жауы» атанған әкенің ұлы болып өссе де етінің тірлігі, табиғат берген қабілет, ерінбей еңбектену мен тынымсыз ізденістің арқасында биік белестерге жетіп, абыройлы азамат, ел ағасы дәрежесіне көтерілді.

Махамбет Оңдағани 1944 жылы Құлтай (қазіргі Алға) мектебінің 1 сыныбына оқуға келіп, 1951 жылы 7 сыныпты Талқайран жетіжылдық мектебін бітіріп, Атырау (бұрынғы Гурьев) педучилищесіне оқуға түсіп, оны 1955 жылы қызыл дипломмен бітіреді. Сол жылы ашылған Гурьев педагогикалық институтының филология факультетіне қабылданып, 1959 жылы бітіреді. Еңбек жолын Редут жетіжылдық мектебінде мұғалім болып бастап, 1960-1973 жылдары Алға орта мектебінде мұғалім, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарды. 1973 жылы Алға селосындағы «Халық театрының» режиссері қызметіне бекітіп, шаңырағын көтеріп, кәсіби деңгейге көтерілген «Алға халық театрынан» талантты өнер өрендері қанаттарын қатайтып, қиялдарға самғады. Туған жерінің мәдениеті мен өнерін жоғары дәрежеге көтеру жолында жігерін, ақылы мен білімін аямады, тынымсыз ізденістері нәтижесін берді, оны барша жерлестері бағалауда. Аудан ауылдың спорттағы жетістіктеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз, ауданда жыл сайын М.Оңдағани атындағы жүлде үшін волейболдан жарыстар өтуде. Қай кезеңде де облыстың, ауданының, ауылдың қоғамдық саяси өмірінен шет қалған жоқ. Еңбектері де елеусіз емес, Қазақ ССР Жоғарғы Советі грамотасымен, «ҚР Халыққа Білім беру ісінің үздігі», «Озат мәдениет қызметкері», «Ветеран труда», бүкілодақтық, республикалық байқаулардың лауреаты, басқа да мерекелік медальдарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Тамырын тереңге жайып, мәуелі бәйтеректей өсіп-өніп, өрбіген, жеті қырқадан асып, ұрпағының жақсы ісіне марқайып, Махамбет Оңдағани отбасылық өмірде де татулығы жарасқан адал жары, Илан апай екеуі ұлдарын ұяға қондырып, қыздарын қияға ұшырып, немере сүйіп, жиендерінің қызығына бөленген жандар.

А. ГУМАРОВА,

аудандық мемлекеттік архивтің мұрағатшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521