Мұздан өткенде абай болыңыз!

Қазір су айдындарының суы қалың мұзға айналып, қалың қармен жамылды.

Мұның көп қаупі бар, өйткені мұз өзінің және қардың салмағымен төмен басылып, жарылады. Осы жарықтардан су кіріп, мұз шайылып жұқарады. Мұндай мұздың үстіне шығу өте қауіпті! Бірақ балалар осындай қауіптен сезіктенбей, мұз үстінен шығып, хоккей т.б ойындармен ойнайды, тік жарлардан шанамен сырғанайды. Осы орайда, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ата-аналардан балаларын байқаусыз қалдырмауын сұраймыз.

Үлкендерде кейде ауа-райының қолайсыздығына қарамай өздерінің автокөліктерімен балық аулауға немесе аң аулауға жолсыз жерлерге жолға шығып адасып жатады, мұндай жағдайлар өмірімізге өте қауіпті екендігін есте сақтаңыздар.

Мұз үстіне шыққанда, оны аяқпен тексермей, басқа қатты нәрселермен тексеру керек. Мұзды соғып көріп, ондағы пайда болған суреттің қандай болатындығын байқау керек. Егер сызаттар дөңгеленіп түссе, онда мұз жақсы, шығуға болады.Егер сызаттар сәулеленіп түссе, онда бұл өте қауіпті болады.

Қазіргі уақытта аяздың түсуімен, қысқы балық аулауды жақсы көретіндер мұзға шығады, ал олар өздерін қауіпсіздендіру үшін қарапайым ережелер мен қырағылықты сақтау керек. Жолдың ауырлығына байланысты өзінің мүмкіншілігін мөлшерлеп, өзінің дайындық деңгейін бағалау керек. Артық өзіне-өзі сену денсаулықтан ғана емес, сонымен қатар өмірден де айырылуға әкеліп соғады.

Осы орайда, төмендегіше шарттарды білу қажет.

- өзен құйылыстарымен ағынды суларда мұз осал, ағысты қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында мұз өте әлсіз болады.

-  мұздың қатқанын былай анықтауға болады:түсі көгілдір мұз-қатты.ақ түсті болса сапасы өте төмен; егер сұр, ақшыл немесе сарғылт түсті мұз болса ол әлсіз, мұндайда мұзға шығу өте қауіпті.

Егер суық суға абайсыз түсіп кетсеңіз не істеу керек.

- сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;

- қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;

- ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз;

Егер сіздің көмегіңіз керек болса: -кез келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);

-аяқпен қолды жан-жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;

-зардап шегушіні абайлап мұз үстіне шығарыңыз және қауіпті аймақтан бірге еңбектей отырып, келген жаққа қарай апарыңыз;

Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліп, су киімдерін шешіп, спирт жағып, қолыңызбен денесін тез шапшаң қимылмен уқалап, ыстық шай беріңіз.Ешқашанда зардап шегушіге алкоголь бермеңіз- өйткені ол шеткі қан жүретін тамырларды кеңейтеді және одан дене температурасы түсіп, мұндай жағдайда соңында адамның талып қалуы мүмкін. Осы орайда, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қыс кезеңінде балаларды ата-аналардың және үлкендердің бақылаусыз су айдын жағаларында қалдырмауын, мұз үстінде балалардың ойын ойнауына тыйым салуын, өте абай болуын сұрайды, және де қысқы балық аулау кезінде балықшыларға мұз үстінде өте абай болуларын ескертеміз!

Р.Жақсылықұлы,

Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521