Келісім тараптар татуласты

Махамбет аудандық сотында ортақ несие шартын бөлу туралы судья С.Амантаевтың өндірісіндегі азаматтық іс «TrueConf» қосымшасы арқылы қаралып, партисипативтік келісім жасаумен аяқталды.

Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Е-ның жауапкер А-ға ортақ несие шартын бөлу туралы шағымымен жүгінді. Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері болып табылатын адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түскен. Дауды тараптар мүддесі үшін адвокаттардың партисипативтік келісім арқылы шешуі заңға қайшы еместігін, сонымен қатар, тараптар арасындағы бітімгершілік өзге тұлғалардың мүддесіне нұқсан келтірмейтіндігін ескере отырып, сот дауды партисипативтік рәсіммен шешу туралы келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша «1-Тарап» А. банктік шарт бойынша ортақ қарыздың сомасы 2 000 000 теңгеге келіседі, осы соманың жартысы 1 000 000 теңгені «1-Тарап», «2-Тарап» А-ға 2019 жылдың 01 желтоқсан күні қайтарады. «2-Тарап» Е. банктік шарт бойынша ортақ қарыздың сомасы 2 000 000 теңге деп есептелуімен және осы соманың жартысы -1 000 000 теңгені «1-Тараптың» 2019 жылдың 01 желтоқсан күні қайтарумен келіседі;

«2-Тарап» банктік шарт бойынша ортақ қарызды бөлу туралы талап арызынан бас тартады.

ҚР Салық Кодексінің 548-бабы 1-бөлігі 1-2-тармағына сәйкес, егер даулы мәселе тараптардың партисипативтік келісімге келуімен шешілген болса шағым иесінің сотқа жүгінер кезіндегі төлеген баж салығы толығымен өзіне қайтарылатындығын атап өткен жөн.

Партисипативтік келісім бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521