Бюджет тапшылығы байқалады

Сессияның күн тәртібіне сәйкес аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №198 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетов хабарлама жасады.

Оның мәлімдеуінше, облыстық мәслихат шешіміне сәйкес республикалық бюджет трансферті есебінен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге -5 592 м.т, ұлттық біліктілік тестіден өткен мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге-4 009 м.т, сондай-ақ оқу кезеңінде негізгі қызметкерлерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге-264 м.т, облыстық бюджет трансферті есебінен мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді сатып алуға-1 900м.т, мәдениет ұйымдарын ұстауға-5 759 м.т, автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге және жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға-3 684 м.т, бруцеллезбен ауыратын, санитарлық союға бағытталған ауылшаруашылығы малдарының құнын 50 пайызға дейін өтеуге-4 500 м.т бөлу қарастырылса, «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде білім беру нысандарын күрделі жөндеуден-47 185 м,т, білім беру ұйымдарын материалдық –техникалық жарақтандырудан-114 444 м.т, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтудан-1 118м.т кеміту көзделіп отыр. Хабарламашы Е.Құлмағамбетов аудандық бюджеттің кірісі мен шығыстары жөнінде тарқатып айтып, депутаттарға кеңінен мағлұмат берді. Қаралып отырған мәселеге орай аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы М.Оразғалиұлы аудан бойынша бірінші топтағы 106 мүгедекті коммуналдық төлемдерден босату үшін қаржы бөлуге болмас па? деген сауал тастады. Хабарламашы Е.Құлмағамбетов ондай санаттағы адамдарға әлеуметтік жеңіл- діктер қаралғандығын айтып түсіндірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521