Қазір ой жарыстыратын заман

Жастар – жердің, елдің иесі, Қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға серік етіп жатудың» өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды.

Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелектілік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай. Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз, біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни жауапкершілігімізде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен әрқашанда мақтанамыз.

Ақөрік ҚАЙРОЛЛА,

Жастар ресурстық орталығының іс-шара үйлестіруші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521