Қазіргі таңда ел аузында, бұқаралық ақпарат құралдарында «Медиация» сөзі жиі айтылады. Тәжірибеге енгізілген жылдары бұл атау тосындау болғанымен, қазір көпшілікке түсінікті терминге айналды. Бүгінде медиацияның тиімділігін сезініп, пайдасын көргендер қатары да жылдан-жылға артып келеді.

Медиацияның елімізде қатары қанат жаюы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударды. Соттан тыс реттеудің баламалы әдістерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған кезеңнен бастау алады.

Осы орайда Махамбет аудандық сотымен 2018 жылдың 12 айында 486 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 78-і іс жүргізуді тоқтатумен аяқталған. Тоқтатылған істің 12 ісі талаптан бас тартқаны қабылданған, 39 ісі татуласу келісімін бекітумен аяқталса, 25 ісі медиациялық келісімді бекіту арқылы, 22 ісі судья медиатормен қаралған. Ал 2 іске партисипативтік келісім қолданылған. 2018 жылы медиация тәртібімен аяқталған әкімшілік істердің саны көбейген.

Сондай-ақ аудандық сотта «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында «Билер кеңесі» құрылып, бүгінде өз жұмыстарын «Нұр Отан» ғимаратында бастап, даулардың татуласуына өз септігін тигізуде.

«Татуласу: сотқа дейін сотта» жобасы аясында аудандық соттың ғимаратында қазіргі заманауи құрылғылармен жабдықталған «Татуластыру орталығы» ашылып, онда медиаторлардың үзбей жұмыс жасау себебінен істердің медиациямен аяқталуына үлкен септігін тигізуде.

Медиацияның атауы жаңаша болғанымен, түпкі мән-мағынасы ата-бабаларымыз дәстүрлі құқығының негізінде мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолымен үндес. Ал қазіргі уақытта тараптардың өзара бітімге келіп, істің бейбіт жолмен шешілуінің өзі материалдық тұрғыдан қарағанда оңды және тиімді шешім болатыны талассыз.

А.ҚОСЫМБАЕВА,

Махамбет аудандық сотының кеңсе жетекші маманы.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.