Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Баланың алғашқы ұстазы – ата-ана. Сондықтан да әке де, ана да балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

Жанұядағы жанжал, үлкендердің балағат сөздерді айтуы, қоғамдық орындарға қоқыс тастап, ластауы, біреудің сыртынан әңгімелеу балаға теріс әсер етеді.

Мысалы, алкогольдік ішімдіктер мен темекінің зиянын біле тұра балалардың көзінше арақ ішіп, темекі тартатындар бар. Нәтижесінде балаларға зиянын ұқтыра алмаймыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе келіспеушілікке көп тап келетін ортада өскен бала теріс тәрбиеге бой алдыруы әбден мүмкін. Осындай жағдайды болдырмау, алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында ауданда ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары қызмет атқарады.

Ағымдағы жылда ювеналдық полиция тобы қызметкерлерімен аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген 148 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлімімен яғни, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы бойынша – 108 әкімшілік хаттама толтырылып, ата-аналарына ескерту берілді. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442 бабы 1 бөлімімен яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 06-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруіне қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442 бабы 3 бөлімімен яғни, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттерге қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау облысы кәмелетке толмағандардың ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу бұл ҚР-сы ӘҚБтК-нің 200 бабы 1 бөлімімен – 2 материал жолданып, айыппұл салынды. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 435 бабының 1 бөлігі бойынша - 2 әкімшілік құқық бұзушылық ісі жолданды. Барлық сотқа жолданған әкімшілік істер өз шешімдерін тапты. Аудан бойынша жыл басынан күні бүгінге дейін «Жасөспірім», «Абайланыз, балалар», «Мен және менің полицейім», «Кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекпен қамту», «Тұрмыс», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Мүлдем төзбеушілік», «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн», «Түнгі қаладағы балалар», «Жұмыспен қамту» жедел профилактикасын ұйымдастыру мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен, "Нұр Отан", білім беру ұйымдары және прокуратурамен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар өткізілді. Жасөспірімдер теріс діни ағымдарына түспеу үшін мешіттерге рейдттік шаралар ұйымдастырылды. Ауылдардағы лагерьлерге мектеп инспекторлары жазғы демалыс кезінде балаларға Жайық өзеніне шомылуына тыйым салу жөнінде жасөспірімдерге және ата-аналарына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Ж.ДІЛМАҒАМБЕТОВА,

Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.