Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Еліміздің болашағы жастардың қолында. Олай болса, болашақты баянды қылатын жас ұрпаққа терең білім, тәлімді тәрбие беріп, қолдау көрсету бүгінгі міндеттің бірі де бірегейі болып саналады.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы керектігін айтты. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды ұсынып, келесі жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл туралы жастардың өздері не дейді?

ТЫҢ СЕРПІН БЕРГЕН БАСТАМА

Жандос Дүйсенбаев, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы: - Елбасы келер жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Тың серпін берді. Жастар жылы аясында олардың түрлі жобаларды жүзеге асыруына, жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беріліп, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жүргізіледі деген ойдамын. Елбасымыздың жастарға қамқорлығы, қолдауы қашанда ерекше екені сөзсіз. Мұны әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Жолдауда жастардың білім алуына да ерекше назар аударылды. Жоғары оқу орындарының басшылары білім сапасына мән беріп, түлектерінің жұмыспен қамтылуын бақылауға алуы керек. Себебі, білімді жастар, сапалы маман атанып, бәсекеге қабілетті еңбек етсе, елдің де болашағы жарқын болмақ.

Елбасы барлық мемлекеттік мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту бағдарламасын енгізуді тапсырды. Осы арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейі кеңейе түседі. Алдағы уақытта еліміздегі ғылымның дамуына жастардың да қосар үлесі артып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Елбасы үкіметке «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды тапсырды. Бағдарламаны создырту арқылы жас кәсіпкерлер мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар алатыны қуантады. «Жастар жылы» ең алдымен студент жастардан бастап жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарға көрсетілген мүмкіндік әрі артылған жауапкершілік деп түсінемін Елбасының көшбасшылық қабілетін үлгі тұта отырып, әрбір қазақстандық жас мемлекеттің бізге берерінен бұрын мемлекетімізге қосар үлесінің қаншалықты салмақты екенін ойлауы керек. Аудан жастарын қазақ елінің дамуына атсалысуға шақырамын.

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚҚА ЖАСТАРМЕН!

Д.Лукпанова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы:

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында жастар үшін маңызды жайттар көтерді. Бұған қоса сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасатынын мәлімдеді. Менің ойымша, өскелең ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары аса маңызды рөл атқарады. Өйткені, еліміздің болашағы – жастар. Жемқорлықсыз қоғамды қалыптастыратын да осы жастар болмақ. Осыған орай, облыс бойынша департаменттің бастамасымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуалын орнату үшін жыл басынан жастардың қатысуымен 1187 шара өткізілді. Жастардың өткен жылдарға қарағанда белсенділігі артып, ұйымдастырылған шараға жан-жақты атсалысқаны байқалды. Жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында бір-біріне эстафета беру арқылы «Адал бол!» акциясы өткізілді. Облыста 2822 мүшеден тұратын, 177 орта білім беретін мектепте «Адал ұрпақ» клубы, оған қоса оқушылардың сыбайлас жемқорлық бағытында өзіне тиісті ақпарат алу үшін облыс көлеміндегі 191 орта мектептерінде «Парасатты азамат» бұрышы ашылды. Әрбір азамат еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге тырысуы керек, сонда ғана біз алдымыздағы мақсатымызға қол жеткіземіз.

ТАБЫС КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кеше ғана яғни 2018 жылғы 5-ші қазандағы 2019 жылға арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы көптеген істер мен мазмұнды шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Мен бұл орайда ауылдық тұрғындардың өз кәсібін ашу арқылы несібесін арттыруға, әсіресе, шағын өндірістік кәсіппен, қайта өңдеумен айналысуға бетбұрыс жасаса, жергілікті атқарушы орындар мен құзырлы органдар тарапынан қолайлы жағдайлар жасалатынына сенімім мол. Тек ынта мен жігер, талапты ұмтылыс болса, жетіп жатыр.

Олай дейтінім, жоғарыда атап өтілген атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік бюджеттік қаржылардың жұмсалуымен іске асты. Ал ауылдық жерлерде, облыс орталығынан шалғайлау орналасқан елді мекендер тұрғындарының өз кәсібін ашып, шағын бизнеспен айналысуына қолайлы жағдайлар бар. Бизнес-жоспарын жасап, жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашамын дегендерге жол ашық. Салық берешектеріне рақымшылық туралы Елбасының «Жолдау-2019-да» атап көрсеткен ұсынысы да кәсіпкерлерге көмек болмақ. Бұдан былай өнімді қайта өңдеу, оны ұқсатушылық, жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұсыныстар кеңінен қолдау таппақ. «Бизнестің жол картасы-2020» атты мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылатыны да зор мүмкіндік болғалы тұр. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі, Елбасы халықтың тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақсартып, табыс көзін молайтуға бағытталған бірнеше міндеттерді алға қойғаны. Ең әуелі халықтың бірден-бір табыс көзі саналатын жалақыны өсіруге қажетті қаржылық есебін шығарып, құзырлы орындарға тапсырма берілгені. Бұл қоғамның еңбекке қабілетті әр мүшесінің көңіліне қуанышпен бірге, еңбек еткен адамның несібесіз болмайтынын баса айтуымен бағаланады. Елбасы жүктеген міндеттер қоғамның барлық саласындағы органдар мен, ұйымдар бірлесе атқарып, абыроймен жүзеге асырылатынына сенемін.

Осы ауданнан сайланған депутат ретінде сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді әрдайым ескере отырып, өздеріңізден жолданған өтініштер мен хаттарыңыз бойынша бар мүмкіндігімді жұмсап, депутаттық құзіретім шегінде тиісінше шаралар алып отырамын. Бұл жұмыстар алға қарай да жалғаса бермек. Өз тарапымнан атқарылған істер мен жасалған жұмыстар туралы саралап айтуды қажет деп таппадым. Ол жөнінде кездесулер мен жиындарда хабардар болып отырасыздар. Жергілікті баспасөзде жарияланған алғыстарыңыз бен ризалық пейілдеріңіз үшін рахмет айтамын. Алдағы уақытта да сіздермен жүздесіп, кездесуге, өздеріңізбен ой бөлісе жүруге әрдайым әзірмін, мүдделімін. Осыған орай елді мекендердегі тұрғындардың өмір сүруге қолайлылық туғызу бағытындағы қажетті істер туралы, елдің, тұрғылықты халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсарту жөніндегі пікір - ұсыныстарыңызды күтемін. Байланыста болу үшін қаперлеріңізге электронды поштам: e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Әділ ЖҰБАНОВ,

Атырау облыстық мәслихаты №26 сайлау округінің депутаты.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.