Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің (әрі қарай – Архив) сақтауындағы құжаттарды пайдаланудың бір түрі – мемлекеттік, басқа да мекемелер мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, соның ішінде шетелден келіп түскен сұраныстарды орындау болып табылады.

Архив әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарды орындайды: Азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстары бойынша мәлімет архивтік анықтама, архивтік көшірме және архивтік үзінді түрінде беріледі. Архивтік анықтамаларды берудегі басым бағыты атқарып отырған мемлекеттік қызметтің бір түрі. Өтініш берушілердің өтініштерін орындау өтеусіз негізде жүргізіледі. Өтініш беруші алдын ала жазылмай-ақ, өзі келіп, сенімді тұлға немесе пошта арқылы құжаттарының архивтік анықтамаларын алу туралы архивке жазбаша өтініш бере алады.

Сондай-ақ мұндай қызметті пошталық және электрондық байланыс және веб-ресурс арқылы электронды сандық қолтаңбасы болса, үйден шықпай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады. 2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша аудандық архивте барлығы 317 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 249-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан болса, ал жергілікті атқарушы органдарынан түскен 47, оның ішінде шетел мемлекеттерінен келгені 9. Портал арқылы 21 қызмет көрсетілді. Портал қызметі жылдан-жылға көбейіп келеді. Ең бастысы, жеке және заңды тұлғалардың архивтік анықтамаларды электрондық портал арқылы алуда әлі де ақпарат жетіспей отырғандығын айтуға болады. Казіргі күні мүмкіндігі шектеулі жандарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен жедел қызмет көрсетеді.

«Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне келсек, көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі күнтізбелік 11 күн ішінде беріледі. Қызмет алушыларға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі» туралы брошюралар таныстырылып, таратылып отырады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, жоспарға сай дөңгелек үстел, семинар өткізілді.

А.ЖУМАБАЕВА,

Махамбет аудандық КММ архившісі.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.