Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Мемлекеттік қызметшілердің білімі мен кәсіби біліктілігін шыңдау қашанда уақыт талабы.

Осыған орай жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен «Өнерпаз» мәдениет үйінде көшпелі семинар болып өтті.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы мамандарының ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді оқытуды қамту және оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

Академияның облыстық филиалы директорының уақытша міндетін атқарушы Жанат Нұртілеуова атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, мемлекеттік қызметшінің имиджі тақырыбында әңгімеледі.

Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, филиалдың оқытушысы А.Жетпісова «Дизайн ойлау» тақырыбында интерактивті пікірталас өткізсе, психология ғылымдарының кандидаты, академияның доценті Н.Иманғалиева «Мемлекеттік қызметшілерге арналған сторителлинг» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Семинар соңында мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік басқару академиясының магистратура, докторантура мамандықтарымен және 2019 жылға оқуға қабылдау ережесімен танысты.

Б.САПАРОВА.

-   О.Шонаев атындағы орта мектепте білім алып жүрген кезімізде, бізден жоғары сыныпта оқыған, кейін әскери оқу орындарына түскен ағаларымыз мектепке келіп, кездесу ұйымдастырып, өздері оқитын оқу орындары жайлы айтып жүрді.

Страница 4 из 19