Ауыл лайфты Ортақшыл жастары жалғастырды

«Auyl life» фестивалінің кезекті концерттік қойылымын Ортақшыл селолық округінің жастары жалғастырып, жиналған көрерменді өз өнерлерімен тәнті етті.

Қашанда әр іске ұйымшылдықпен жұмыла кірісіп кететін Ортақшыл жастары жыл сайынғы Наурыз, айт мерекелерінде ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, спорттық ойындар мен турнирлер өткізіп, қайырымдылық шараларын қоса атқарып келеді. Ауылдың атауы жазылған әдемі тұғырды да осы жастар жиналып, өткен жылы орнатып, үлкендердің ақ батасын алған еді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі ауыл азаматы Ерсін Жалауға мүгедектер арбасын тарту етіп, бір қуантса, жұма сайын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін нан таратып, тазалық акцияларын да жиі өткізіп тұрады екен. Ауылдың шаңды топырағына аунап, таба нанын жеп, айранын ішіп, төрт-түлікті жайлап, кешқұрым үлкендердің әңгімесін тыңдап өскен жастардың бойында адами қадір-қасиеттен бөлек өнер де тұнып тұр.

5

v

 

 

v

a

k

Фестивальдың шымылдығын сондай өнерлі Ортақшылдың тумасы Еламан Ғафуров «Ақбұлақ» әнімен ашса, өзінің жүрекжарды жырларын ең алдымен ауылына арнап жазатын жас ақын Ардаққызы Жанардың «Туған жер» туындысы да көрерменнің жүрегіне жетті. Ал осы әнімен «Титаник» фильмін танымал қылып, әлемді мойындатқан Селин Дионның «My heart will go on» туындысын еш жүрексінбей орындап шыққан Назгүл Саленованың өнеріне жиналған жұртшылық қана емес, аудан әкімі Жардемғали Бахуұлы да тәнті болып, өз сөзінде ерекше атап өтті. Аружан Сарғожаның «Хорезм», ауыл жастарының «Жастар» биі де сәтті шығып, кеш соңы Н.Сәленованың орындауындағы «Қазақ елі осындай» әнімен қорытындыланды.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521