Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!»

Республикалық байқаулардың жүлдегері, аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінің белсенді мүшесі Сейтжан Құжырбаев сонау өткен ғасырлардағы дана Абай болып күңіренді: «Алланың сөзі де рас, өзі де рас...» Іле-шала Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің тапсырмасына сәйкес, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өткелі отырған «Абай оқулары» аудандық байқауы шымылдығын ашты.

Байқауға барлық ауылдық округтер бойынша ұзын-ырғасы 16 үміткер қатысты. Байқауға баға беретін сарапшылар таныстырылғаннан кейін, үміткерлерге байқау шарты түсіндірілді.

Байқау үшкезеңнен тұрады. Бірінші айналымда үміткерлер Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Ал, екінші кезеңде М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді оқиды. Осы екі кезең қорытындысымен үміткерлер іріктеледі. Яғни, ақтық бәсекеге кімдер өткендігі, кімдер байқауды одан әрі жалғастырмайтыны белгілі болады.

Сонымен алғашқы болып, сахна төріне көтерілген алғалық Е.Баймұқанов Абайдың «Өлсем орыным қара жер, сыз болмай ма?» өлеңін жеті қат жер астынан жеткендей қуатты үнімен күмбір қақтырып, тыңдаушыларын күрсіндіріп, беймәлім ойға шомдырғандай болды. Алмалы ауылының намысын қорғап келген Махамбет Асқарұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»деп тебіреніп, Абайдың ішкі запыран, өксігін төкті дейсің-ау бір. Екі азаматтың да дауыс мәнері сахнаның қыр-сырын, өзіндік құпияларын біршама меңгеріп қалғандығын айғақтағандай. Әрине, мәтіндұмытып қалып, кейін еске түсіріп, «жуып-шайып» жібергеніне кешірімммен қарадық. Аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы деп хабарланған А.Сирашевқа біраз ішіміз жылып қалды. Неге дейсіз ғой? Кітапппен дос болғаны үшін. Кітап оқыған адамның ішкі жан дүниесі сұлу болатынын айтып, түсіндірудің онша қажеті болмас. Түйсігіміз алдамапты, үміткердің біраз шығармашылық ізденіске барғандығы байқалып тұрды.

 

Материалдың толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар

 

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?