Ақжайық өнерпаздары «Auyllife» фестивалінде

Жастар жылына арналған жас таланттардың «Auyllife» өнер фестиваліне Ақжайық ауылының өнерпаздары да атсалысты.

 

Жастар саябағында өткен фестиваль шымылдығын Н.Дюсешова «Елге сәлем» әнімен ашса, А.Бақыбаев «Оян, жастар, міне, бізде енді!» көркемсөзін мәнерлеп оқыды. Ауыл өнерпазы А.Мухитова «Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден» әнін әуелете шырқауымен есте қалды. Көп жылдан бері өнерімен ел-жұртты тәнті етіп жүрген «Қызғалдақ» би тобы «Хорезм» биін дөңгелене билегенде қол соқпаған жан қалмады.

f

Елімізге белгілі барт-әнші Т.Досымовтың «Жалған дүние» әнін Д.Демесинов гитарада тебірене шырқағанда кей аналарымыз көзіне жас алды. «Бұлбұлым» әнін дуэт А.Мухитова мен Н.Дюсешова орындауында тыңдадық. «Қызғалдақ» би тобы «Моно-моно» биімен көрінсе, жастар дуэті «Бақыт таңы» әнін шырқады.

f

Ауыл өнерпазы Ж.Сейтқазиева «Жастық туралы бір үзік сыр» монологін мәнерлеп оқыды. Елімізге танымал әнші Ә.Әлқожаның «Папа-ау» әнін Г.Дүйсенбаева нақышына келтіре орындады. Өнерпаз Д.Айтжанов «Қыз бала гүл», «Оригиналсың» әндерін орындауымен тамсантты. Ал ауыл бишілері «Үкілі ару» биімен көрінді.

f

Ақжайық ауылдық округінің әкімі С.Жұмағалиев жалпы «Ауыл-өнер кеніші» деп тегін айтпайтынын, өнер фестиваліне қатысуға тілек білдірген үміткерлер ауылда көп болғанын, мұнда тек таңдаулылар ғана өнер көрсеткенін, қазағымның өнері өшпесін,жас таланттарымыз шыңдала берсін деген ақжарма тілегін арнады.

f

Фестиваль Ш.Мырзамұратовтың «Мәңгілік ел жастары» әнімен мәреге жетті.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521