Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Ақ түтек боранымен анда-санда сес көрсетіп алатын қыс мезгілі де бел ортадан ауып барады. Сарышұнақ аязымен Арқа жұртын әбден әбігерге салып, аяқтарынан тік тұрғызған кәрі құда батыс аймаққа да бір күні салып-ұрып жетіп келмесіне кім кепіл? 

Сарышұнақ аязымен Арқа жұртын әбден әбігерге салып, аяқтарынан тік тұрғызған кәрі құда батыс аймаққа да бір күні салып-ұрып жетіп келмесіне кім кепіл? Осы орайда, несібесін ер еңбектен тапқан малшылар қауымының бүгінгі жай-күйі, қыстақ басындағы хал-ахуалды білмек ниетпен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы О.Мырзабаевқа хабарласқан едік. Оның айтуынша, аудан бойынша 2017-2018 жылдың мал қыстағына 14921 бас мүйізді ірі қара, 37118 бас қой –ешкі, 5395 бас жылқы, 3385 бас түйе малдары немесе 27412 шартты мал басы түсіп отыр. Осы төрт түлікке қажетті мал азығы 52266 тонна.

Аудан бойынша биылға дайындалуға тиіс мал азығы 100 пайызға орындалып, 52300 тонна шөп жылы жарықта қыстақ басына жеткізілген. Күні бүгін аудан бойынша 31 орында мал қыстату науқаны ойдағыдай өтуде. Қыстақ басындағы дайындалған мал азықтары, күнделікті азық-түлік қоры, жанар-жағармай жеткілікті мөлшерде. Жол қатынасы және ауа райының қолайсыздығы мәселесін бақылау мақсатында ауылдық округ әкімдіктерінен толық мәлімет алынып отыр. 2017 жылы «Жайық», «Тымық», «Шабай», «Бірлік» «Қуатов А», «Жарасов Б», «Аружан», «Дастан» шаруа қожалықтары ірі сабақты мал азығын дайындап, жергілікті тұрғындарға сатылса, төрт түлік мал басына қажетті құрама жем көршілес Батыс Қазақстан облысынан тасымалданды.

Жалпы биылғы жылы да мал қыстағын жоғарғы деңгейде өткізіп, төрт түлікті аман сақтап, қыстан қысылмай шығу үшін барлық жағдай жасалған.

А.САТАЕВА.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.