Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Елбасының «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, Ақтоғай орта мектебінде география пәнінің мұғалімі З.Қырымқызының ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында «Мұнайлы өлке-Атырау» тақырыбында дебат өткен-ді. Әр сыныптан 6 команда қатысқан дебат Атыраудың 80 жылдығына арналды.

Үйірме жетекшісі Фариха Тлешқызы дебатты ашып, оның жүру барысымен таныстырды. Алғашқы кезеңде жақтаушы жақтың үш тобы мен даттаушы жақ үш тобы бір-бірімен танысып, өздерінің кейстерін ұсынды. Екі топта мұнайлы өңірдің бар мақтанышпен көрікті де тарихи жерлерін, орналасу ерекшелігін, экономикасы мен экологиясы, белгілі тұлғалар жетістіктерін ортаға салды.

Дебатта бір топ жақтаушы ретінде қаламыздың жетістіктерін паш етсе, қарсылас топ экологиялық жағдайына тоқталды. Әр топ спикерлері жауаптарын нақты дәлелдер келтіре отырып, саралай білді. Жақтаушы жақтың «Қыран» тобы мен даттаушы жақтың «Жалын» тобынан Қ.Жанекешов, Б.Елжанқызы, С.Төлеу, А.Нұрым, Қ.Лұқпанов, С.Сақтапов сынды 5-9 сынып оқушылары белсенділік танытып, «Үздік спикер» атанды. Дебат ойынының ұйымдастырылуы шәкірттеріміздің сөздік қорын дамытуда, ой ұшқырлығын жетілдіруде ықпалы зор болғанын айта кеткен жөн.

Дебатты мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Сүндетова қорытындылап, ойынның жүру барысына өз ұсыныстарын қосты. Үйірме жетекшісі Ф.Шелтенова ойын белсенділерін, әр топты, жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапаттады. Сонымен ойын қорытындысында жүлделі І орын «Қыран» тобына берілсе, ІІ орынды «Жас Атырау» тобы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орын «Алау» тобына бұйырды.

З.ҚОЖЫРАҚОВА, Ақтоғай орта мектебі география пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.