Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаевты білмейтін жан кемде-кем.

Ол Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылының тумасы. Оның өмірдерегіне көз жүгіртсек, Алтынбек аға мектепте 3-сыныпта оқып жүрген кезінде оған ағасы Бескемпір сегіз шекті мандолин сыйлапты. Ағасының өзі де мандолинде орыстың халық әндерін, частушкаларын шебер орындайтын болған. Тағы бір серігі сырнай болыпты. 12 жасынан бастап сырнай қайда барса, ол сонда баратын әдет шығарған. Осылай Алтынбек аға қос музыкалық аспапты игеріп, ән салу өнеріне алғаш қадам басса керек.

Ағасы Бескемпір Тараз (Жамбыл) мәдени-ағарту училищесіне оны оқуға береді. Білім ордасының директоры Қ.Айнағұлов Алтынбекке пионино ойнауды үйретсе, ұстазы Ә.Төлешов домбыра ойнауды үйреткен. Әсіресе, күй тартуға құмартқан. Сол жылдары ол баянда ойнауды игеріпті. Оны Мәскеу, Ленинградтағы музыкалық жоғары оқу орнына баруға үгіттейді. Ұстазы А.Мырзабеков оны оқып жүрген кезінен бастап Құрманғазы атындағы оркестрге өткізіп, сонда ұзақ жылдар домбырашы болады. А.Қоразбев 1973 жылға дейін сонда домбырашылық қызмет атқарады. Оркестр құрамында Финляндия, Ресей, Қазақстан қалаларын аралайды. Әсіресе, Халық әртісі Ғ.Құрманғалиевпен 1972 жылы Гурьев облысына сапары өнерінің бір белесі болды. Ол Кененнің «Бозторғай», «Базар-Назар», «Қайран, жастық!» әндерін орындаған. 1973 жылы Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, облыстық филармония директоры болды.

Халық сүйіп тыңдайтын «Қара шал», «Қара кемпір», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы. А.Қоразбаевтың мәдениет саласындағы жетістіктері: Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі», Қазақстан Халық әртісі(1993), «Қырғызстан Республикасының халық әртісі(1994) атақтары барын білеміз. Ол әрі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(2004), «Парасат» ордені(2010), Елбасы қолынан 2016 жылы ІІІ «Барыс» орденін алған.

«Өнерпаз» мәдениет үйінде ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаевтың Н.Жантөрин атындағы филармония жанынан құралған «Нарын» ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен«Алтын күзім, армысың!» ән кеші өткен болатын. Елімізге белгілі майталман әнші Алтынбек Қоразбаев сазгер Иранғайыппен бірігіп жазған «Ән-қалқа» әнін шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Ол ердің жасы 50-ге толғанда жазған «Армысың, елуім!», «Таңдағы көктем», «Меніңдағы бір аққуым бар шығар» әндері де жұртшылық көңілінен шықты.

Әнші Сая Махамбет А.Қоразбаевтың «Желдірме», И.Сапарбаймен бірігіп жазған «Елің сені сағынды», өзінің сазгер Қ.Абзалмен бірігіп жазған «Қазағым» әнімен көрінді. Белгілі әнші-сазгердің шәкірті, әнші Бибігүл Қилымхан композитордың «Сен дегенде», «Ұлы дала»(Ұ.Заманбек), «Аманат»(Ә.Сықаев) әндерін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Әнші Алтынбек қырғыз халқының әндерін шырқауымен де көзге түсті. Сазгер Бек Бекборбиевтің «Қазақ қызына» әнін қырғыз тілінде тамылжыта шырқай жөнелді. Осы қазақ аруына ән арнаған қырғыз әріптесіне жауап ретінде жазылған жиырма қыз- дың есімі аталатын өзінің «Қырғыз қызы әдемі» әнін тұңғыш рет Атырауда орындайтынын айтқанда бәріміз елең ете қалдық. Қырғыз сұлуына арнаған сазды әні де ел-жұртты баурап алды. А.Қоразбаев өзінің «Жиыр- ма бесімен» ән кешінің шымылдығын жапты. Аудан әкімі Ж.Ахметов Махамбетке бұдан бұрын сазгер-әншінің 3-4 рет келгенін, ел-жұрт сүйікті әншісін жақсы танып-білетінін, құрметтейтінін, күні кеше өткен ауданымыздың 90 жылдығына деген тарту болғанын айтты. Ол «Нарын» ұлт-аспаптар оркестріне, әншілерге де ризашылығын білдірді. Аудан басшысы жетпістің желкеніне жетіп отырған Халық әртісіне бақ-береке, зор денсаулық тілеп, «Алғыс хат» пен сый-сияпатын ұсынды.

А.Қуанышқалиева.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.