Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Жуырда Махамбет тарихи – өлкетану музейінде аудандық мәслихаттың депутаты Асқар Құрманбаевтың төрағалығымен насихаттаушы жұмыс тобы және музей қызметкерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың салдарын жою туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында А. Құрманбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның жалпы ережелерімен таныстырып, әрбір мемлекеттік қызметкер Заң нормаларын сақтауға міндетті екенін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің негізгі қағидалары - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы да жиын барысында талқыланды. Қатысушылар да сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, жолын кесу және шектеуге бағытталған іс–шараларды тиісті деңгейде атқару туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Айнұр САТАЕВА.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.