Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Түркиядан Атырауға экстрадицияланды

Атыраудағы терактіге қатысты деген күдікті Елдос Күнтуаров Түркиядан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Tenqrinews kz сайты хабарлады.

16-шы қазан күні ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Елдос Күнтуаровты қылмыстық жазаға тарту үшін елге жеткізді. Ведомствоның мәліметінше, ол 2011 жылы Атырауда болған террористік қылмысқа қатысқан деген күдікпен ұсталып отыр. 2011 жылы қазан айында Атырау облыстық әкімшілігінің ғимаратында екі бірдей жарылыс болғаны белгілі. Жарылыс террорлық акт деп танылып, ізінше қылмыстық іс қозғалған болатын. Терактіден соң бас сауғалап, қашып үлгерген Күнтуаровқа халықаралық іздеу жарияланды. Оны ұстау және елге жеткізу Қазақстанның қылмыстық іздеу органдары мен түркиялық әріптестердің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде жүзеге асты. Елдос Күнтуаров бүгінгі таңда Атырау қаласына жеткізіліп, тергеу изоляторына тоғытылды. «Ол мұнда сот шешімі шыққанша болады» дейді құзырлы органдар.

(Өз тілшіміз).

Super User

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?