Елімізде тұңғыш рет: Ислами ипотека

Ислами ипотека пайыз болмауымен ерекшелене-ді. «Al Hilal» ислами банкі" акционерлік қоғамы алғаш рет ислами ипотека бере бастайды.

Шариғат талаптарына сай ипотеканы Алматы, Астана және Шымкент тұрғындары тұрғын үй алуда, өзге банктегі бұрыннан ашылып қойған ипотеканы қайта қаржыландыруда пайдалана алады. Бір айта кетерлігі, ислами ипотеканы еліміздің азаматтарының барлығы наным-сеніміне қарамай пайдалана алады. Бұл құрылымның жұмыс тәртібі мынадай: банк тұрғын үйді сатып алады да оны клиентке өз бағасын белгілеп, бөліп төлеуге ұсынады. Оның бағасы клиентке алдын ала айтылады әрі сатып алғанша бағасы өзгермейді. Сондай-ақ ислами ипотеканың тағы бір тиімді жағы, төлеу тәсілінің қолайлығында жатыр. Әдеттегі банк клиенттерінің дені ипотека мерзіміне қарай бағасы да өсе түседі. Al Hilal қаржы мекемесінің ислами ипотека бойынша төлем кестесі барлық қаржыландыру мерзімінде бірдей төлем жүзеге асырылады, өйткені, аннуитет, қайта төлем жасау деген болмайды. «Al Hilal» ислами банк" акционерлік қоғамы басқармасының жетекшісінің орынбасары Елтай Мұхамеджанов ислами ипотеканың еліміздегі ислами банкингтің дамуы үшін жасалынған маңызды қадамдардың бірі екенін алға тартып отыр.

muftyat.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521