Туберкулез жас талғамайды

Туберкулез – жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Туберкулез қалай жұғады, оның белгілері қандай тағы да басқа сауалдарға аудандық орталық аурухананың фтизиатры Г.Құспанов жауап берді.

-Туберкулез қалай жұғады?

-Туберкулездің негізгі жұғатын көзі туберкулез микробтарын тарататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ән айтқанда түкірікпен, қақырықпен туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауіптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уақыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан және сүйіскен кезде жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ауыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауы- ратын малдың сүтін шикілей ішкенде немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады.

-Туберкулездің белгілері:

-әлсіздік, тез шаршау;

-асқа зауқы соқпау, жүдеу;

-3 аптадан аса жөтеліп жүру;

-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;

-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;

-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.

Осындай белгілер білінсе, міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп, қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уақытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алынғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі, туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

 Туберкулез науқасымен кімдер бейім тұрады?

-Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам ағзасының әр түрлі органдарын зақымдайды. Дер кезінде емделмесе бір жылда 50 пайызға жуығы өлімге душар болады.

А)санитарлық-ағарту мәдениеті төмен адамдар ауруға бейім тұрады;

б)уақытында тамақтанбай- тындар, өз денсаулығына мән бермейтіндер;

в)маскүнемдер, нашақорлар, жүйкесі тозғандар, есі ауысқандар, үй-жайы жоқ кезбелер;

г)гармон дәрілерін көп қабылдайтындар;

д)тұмаумен жиі ауыратындар, қант диабеті, өкпе-тыныс жолдары сырқатының созылмалы түрі мен асқазан-ішек жараларымен ауыратындар;

е)туберкулез науқасымен қарым-қатынас жасайтын барлық жанұя мүшелері, жұмыс қызметтестері;

ж) жас балалар, жүкті әйелдер, кәрі кісілер туберкулезге бейім тұрады.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521