Аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиевтың төрағалығы- мен халық саулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болды.

Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А.Өтешов, басқа да сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақта атқарылған жұмыстар мен медициналық қызмет сапасына, қолжетімділігі туралы мәселелер қозғалды.

Аудандық аурухана директоры міндетін уақытша атқарушы М.Шуақбаевтың баяндамасы негізінде биылғы 10 айда аудан бойынша көрсеткіштер жалпы өлім былтырғы жылға қарағанда шамалы азайған. 2017 жылы-168, 2018 жылы-161 өлім тіркелген. Дегенмен, қан айналым жүйесінен тіркелген өлім азайғанымен, қатерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші ауданда 83,6 пайызға өскен.

Сәби өлімі былтырғыға қарағанда шамалас 6 сәби өлімі тіркеліп отыр. Негізгі себептері: мезгілінен бұрын босану, түрлі туа болған даму ақаулықтарының болуы. Ана өлімі аудан бойынша тіркелмеген.

Туберулез жағдайына келсек, облыс бойынша сырқаттанушылық артып отыр. Дегенмен, аудан бойынша туберкулез ауруымен сырқаттанушылық жағдайы 10 айда төмендеген. 10 науқас тіркелген, былтыр 13 ауру тіркелгенді. Бүгінде ауданаралық өкпе аурулары ауруханасы туберкулез науқастарының емдеу тәсілінің өзгеруіне және науқас санының азаюына байланысты жабылып отыр. Туберкулезге қарсы аудан бойынша да биылғы туғандардың арасында 12 бала мүлдем екпе алмаған. Олармен педиатр, учаскелік дәрігер, психолог мамандарының қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, екпенің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас мамандары ауданымыздағы туберкулез аурушаңдылығы бойынша туберкулез ошағындағы 3-6 жас аралығындағы балаларды оқшаулаудың төмендігі, перзентханада БЦЖ екпесімен қамтамасыз етуді көтеру, жас аналар арасында, отбасы мүшелері арасында туберкулез ауруының алдын алудың бірден-бір себебі: екпенің маңыздылығына түсінік жұмыстарын жүргізу бойынша мәселе қозғалды. Екінші жағдай бала өлімі себептеріне тікелей тоқтала отырып, қайтқан 6 баланың да перзентханада түрлі даму ақаулығымен, шала туылуымен шетінеуі, жүкті әйелдердің денсаулық жағдайының төмендігін, жүкті әйелдердің 45 пайызы анемиямен емделмейтінін, жүктілігімен ерте есепке отырмағандықтан іштен туа болған даму ақаулықтарын ерте анықтауға мүмкіндік болмайтынын, анықталған жағдайда да аналар арасында дұрыс түсінік жұмыстары жүргізілмей, өмір сүруге қабілетсіз балалардың дүниеге келуі бала өлімі көрсеткішіне әсер етсе, екінші жағдайда отбасына да үлкен қайғылы жағдай әкеліп отырғандығы көрсетілді. Қатерлі ісік аурулары себебінен биыл ауданымызда өлім көрсеткішінің жоғарылауы, қатерлі ісік алды ауруларын ерте анықтауға бағытталған скрининг орындалысының төмен көрсетуі әлі де болса, халықтың өз денсаулығына жете көңіл бөлмеуін көрсетеді. Сонымен бірге медицина қызметкерлеріне уақытымен скрининг тексеру жұмыстарын жүргізіп, сапасына көңіл бөлу керектігі ескертілді.

Кеңес отырысын қорытындылаған М.Сейтқалиев аудандық емдеу мекемесі бас мамандарына аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын үзбей жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.

Н.ТЕЛЬМАН.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.