Жарқын болашақ жастармен

Ақтоғай орта мектебінде «Жарқын болашақ-жастармен» онкүндігі өтті.

«Зерде» күнінде тәлімгер А.Сағидуллина мен ұланбасы Ш.Сапарғалиева «Алтын сақа» интеллектуалдық ойынын өткізсе, «Жеті жарғы» күнінде тәлімгер мен сынып жетекші Г.Нұрышева «Менің құқықтық алаңым» пікірталасында балалар өз ойын ортаға салып, постер қорғады.

«Отан» күнінде «Менің елім-Қазақстан» сайысы, «Руханият» күнінде тәлімгер мен қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Мұхтарованың «Жыраулар поэзиясы» шарасы көпті тамсантты. «Экоәлем» күнінде бейнелеу пәні мұғалімі А.Ташекенов «Табиғатпен біргеміз» сурет сайысында оқушылар ойдан сурет салып, көрме ұйымдастырды. «Салауат» күнінде дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Сыдыхов «Толағай» отбасылық сайысын өткізіп, оған Құлғалиев, Рысқалиев, Сирашев отбасылары қатысты.

«Еңбек адамының бір күні» шарасын тәлімгер мен сынып жетекші Г.Нұрышева өткізіп, еңбек адамын насихаттады. Ауылға елеулі үлес қосқан әжелермен кездесіп, олардың тағылымды әңгімелерін тыңдады. Тәлімгер мен АӘД пәні мұғалімі Г.Канкомов «Ауған соғысы-ақтаңдақтар ақиқаты» тақырыбында кездесу өткізіп, оған ауған соғысы ардагері Е.Бекжанұлы шақырылып, ол естеліктерімен бөлісті.

А.Текебай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521