Жарқын болашақ кепілі

Жыл сайынғы дәстүрге сай, Алға орта мектебін бітіруші түлектерге аттестат беру кеші өткен болатын.

«Жастар-жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өткен кеште Алға ауылдық округінің әкімі Ғ.Әбдешев түлектерді өмір баспалдағына аттануларымен құттықтап, оларға сәт сапар тіледі. Мектеп директоры Н.Смағұлқызы салтанатты жағдайда бір топ түлекке аттестат тапсырды. Ол қадамдарына сәттілік тілеп, қалаған мамандықтарына оқуға түсіп, асыл армандарына жетуге тілестестік білдірді.

a

Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттер де аяулы ұстаздарына ақжарма тілектерін арнады. Ата-аналар да балаларының болашағынан зор үміт күтетіндерін жеткізді.

Кеште Махамбет аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қ.Есенова да түлектерді құттықтап, жасөспірімдер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамалармен таныстырды. Міне, он төрт түлек алтын ұядан ұшып, жаңа өмір жолына самғады.

Г. Сағидолла,

Алға орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521