Мектепте өткен онкүндік

Алға орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында дәстүрлі онкүндігі болып өтті.

Оқушыларға жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіндіре отырып, адами қасиеттер мен қамқорлық жасау дағдыларын дамытатын шараның басты мақсаты –оқушыларды жалпы адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру, әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу болып табылады.

Онкүндік аясында мектебімізде өзін-өзі тану пәні мұғалімдері З.Умбетова мен М.Жумагалиеваның «Мен өзімді танимын» атты мұғалімдер арасында өткізілген коучинг-сабағы, М.Жумагалиеваның «Мейірімділік-асыл қасиет», «Сыныптағы достық» және З.Умбетованың «Қоршаған әлеммен үндестік» ашық сабақтары, жоғары сыныптар арасында өткізілген дебаты, Б.Қуанышеваның «Әдептілік-тәрбие бастауы», «Кешіре білуді үйренеміз», Ф.Әжіғалиева мен А.Сүндетованың топ аралық сайыстары, Н.Тағаеваның «Жақсылық жан жадыратады» тақырыптарындағы тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды.

Игілікті шараның қорытындысы ретінде «Жүрекке жол тапқан, мейірімді ана - Сара Алпысқызы!» тақырыбында мектепішілік өнегелік кеш өтіп, онда белсенділік танытқан қатысушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдірілді.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521