Мектеп бітіруші түлектер назарына!

Атырау облысының Білім беру басқармасы жоғары оқу орындарына қабылдауға байланысты хабарлайды.

Жоғары білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2019-2020 оқу жылына 232 білім беру гранты бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары облыстың кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлікті бере отырып, ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Облыс бойынша жергілікті бюджет есебінен бөлінетін білім беру гранттарының тізбесі «Жайық шұғыласы» газетінің №29 санында жарияланады.

Жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші комиссиясына ағымдағы жылдың 5-10 тамыз аралығында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға 24-25 тамыз аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:

"Алтын белгi" белгiсімен марапатталған тұлғаларға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғаларға, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарына, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға, Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғаларға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019-2020 оқу жылына Атырау облысы бойынша көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша 220 білім беру гранты бөлінгендігін хабарлайды.

Білім беру гранттарын тағайындауды «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) жүзеге асырады.

Конкурсқа өтініштерді 5-10 тамыз аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

6) Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Көрсетілген санаттағы тұлғалар ағымдағы жылғы 1 тамызға дейін өткізілетін білім беру грантын берудің республикалық конкурсына қатыса алады. Егерде олар республикалық кезең бойынша конкурстан өтпесе, онда ЖАО-ның конкурсына қатыса алады.

ЖАО-ның білім беру гранттары өңірлердің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілігін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.

Сурет:Дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521