Қарулы Күштер ел тірегі

Жылдан-жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің, жалпы әскери қызметтің беделі артып келеді. Оған Отан алдындағы борышын өтеуге ынталы жастар санының арта түсуі дәлел. Бұдан бөлек, арнаулы және жоғары әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіруші жасөспірімдердің қатары да жыл сайын көбейіп келеді.

Махамбет ауданы бойынша 2018 жылы Құрлық әскери институтына Қалымов Бекзат, Алматы қаласы радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институтына Кенжалы Есенаман Райсұлы және «Жас Ұлан» республикалық мектебіне Табылдиев Таумұрат Ерланұлы, Қуандықов Айсұлтан Қуандықұлы және Маратов Дамир Қайырлыұлы оқуға түсіп, курсант атанды. Жастардың осынау жақсы талпынысы көңілге қуаныш ұялатады.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына білікті сержанттар мен офицерлермен толықтыру мақсатында 2019 жылы мектеп бітіретін ер азаматтарды жоғары әскери - оқу орындарына шақырамыз! ҰБТ бойынша қорытындысы 55 балдан жоғары болуы керек. Таңдау пәні жоқ.

Әскери –оқу орындары:

1. Алматы қаласы Құрлық әскері институты.

2. Әуе Қорғаныс Күштерінің әскери институты Ақтөбе қаласы.

3.ҚР Қорғаныс министрлігінің радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Алматы.

4. ҚР ҚМ Кадет корпусы, Щучинск қаласы.

- Жоғары әскери оқу орындарын бітірген курсанттар келісімшарт бойынша жұмысқа алынады.

- Әскери оқу-орындарының курсанттарына киім-кешектермен және тамақтануы тегін беріледі.

- Оларға еңбек демалысына шыққанда жүрген жолақылары немесе теміржол, су үсті жолдары және көлік қатынастарына жолақысы мемлекет тарапынан төленеді.

- Жоғары оқу орындарында курсанттарға казармада немесе жатақханадан орын береді.

Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында демек, әрбір қазақстандық жастардың бойында отаншылдық сезім жоғары болуы керек Отанды сүю отбасынан басталады, сондықтан әрбір отбасында берілетін тәрбие «Қазақстан» атты елмен, оның батыр ұлдарымен байланысты болуы тиіс. Оқуға түсуге ниет білдірген ер азаматтарға мына мекен-жайға хабарласуын сұраймыз:

Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Абай көшесі, №11 тел: 2-18-99, 2-14-70, сот:8-778-510-71-74

Е.АЙТЖАНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы,

майор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521