Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Бүгінгі жаңарған білімнің ұстаздарға қояр талабының жүгі ауыр екені белгілі. Мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Осы орайда, нағыз ұстаз деп шәкірт жүрегіне жол тауып, жанына нұр құя білген, ерекше қажеттіліктерге ие балаларды оқыту мен тәрбиелеуде еңбегі мен уақытын аямаған , бастауыш сынып мұғалімі -Денгилова Нұргүл Бақтығалиқызын айтар едім.

Нұргүл Бақтығалиқызы- ұлым Төлеген Адайбектің алғашқы ұстазы. Ұлым осы оқу жылының басында Махамбет ауданының орталығында орналасқан Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатына бірінші сыныпқа қабылданған болатын. Алғашында айналысына тосырқай қарап, мектеп-интернатқа қалғысы келмей, біраз қиындық тудырғаны рас, қазіргі уақытта мектеп өміріне бейімделіп, өз-өзіне қызмет көрсетуді, дұрыс жүріп-тұруды үйренген. Сондай-ақ, сабақ оқуға деген қызығушылығы да артып келе жатқанын байқадым. Кішкентайынан балам көп сөйлемейтін, сөздік қоры тым аз болатын. Мені таңғалдырғаны- баламның аз уақыттың ішінде санауды, буындап оқуды, өз бетінше жазуды үйренгені.

Бұрынғыдай емес, балам ашылып сөйлейді, әңгімесін айтады, айналасындағы балалармен де дос болып алған. «Жақсы адам-Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны жан дүниесімен қабылдап, оны оқушының бойына дарыта білген, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде сабырлық пен табандылықты үлгі ете білген Нұргүл Бақтығалиқызы әрдайым уақытпен санаспай, бар білгенін асқан шыдамдылықпен шәкірттеріне үйретуде. Баламның алғашқы оқу күнінен бастап қабілетін ұштап, көмектесіп, қолдап келеді. Сол үшін де аналық алғысым шексіз. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген даналық сөз бар. Мектеп бала үшін – екінші ұясы, мұғалім – екінші анасы.

Сондықтан, Нұргүл ұстаз балаларымыздың өмірінің бастауын дұрыс қалыптастыруға негіз қалайды деп сенемін! Сізге ұзақ өмір, қажымас қайрат, отбасы амандығын тілеймін!

Балхадиша КАРАКУЗОВА,

ата-ана.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.