Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық туралы ақпараты бар әрбір адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік ұйымның басшылығына яки сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді. Өз кезегінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті.

Хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жүзеге асырады.

Л.Ж.ЖУМАБАЕВА,

Мемлекеттік кірістер басқармасының салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521