Жас тәртіп сақшысы атанды

О.Шонаев атындағы орта мектебі базасында «Жас тәртіп сақшысы» байқауы ұйымдастырылды. Оған бес мектептің командасы, жасөспірім инспекторлары қатысты.

«Мәңгілік ел» әнінен бастау алған байқау шымылдығын Қ.Ахмедияров мектебінің «Самғат» командасы ашты. Одан әрі Е.Ағелеуов мектебінің «Грант» командасы, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның «Айбын» тәртіп сақшылары жалғастырып, сапта жүруден соң оларға «Жас тәртіп сақшысы» куәлігі табысталды. Сондай-ақ Ақтоғай, Қ.Қалыбеков, О.Шонаев орта мектептерінің «Болашақ», «Намыс» командаларымен қатар Е.Ағелеуов мектебінің «Қыран» командасы «Жас жауынгер» слеті, қоян-қолтық ұрыс үйрету фотохроникасы мен бейнероликтерді слайд арқылы көрсетті.

Бұдан басқа «Біз әлеуметтік желідеміз», «Біз тәртіпті әлемде өмір сүреміз» тақырыптарында көріністер ұсынды. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Ақбөбек Елешова, Ақжарқын Сапарғалиева, Жанар Ділмағамбетовалар шараларға балалармен бірге белсене қатысты.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина байқауды қорытындылап, жүлдегерлердің есімдерін атап, марапаттады. Жүлделі 1 орынды Д.Төленов мектеп-гимназиясы, 2 орынды Е.Ағелеуов мектебі, 3 орынды Қ.Қалыбеков орта мектебінің командалары алды. О.Шонаев, Ақтоғай орта мектептерінің командалары «Алғыс хатпен» марапатталды. Шара одан әрі Қосарал, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектептерінде жалғасты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521