Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

«Zhas Project»-тің тағы бір жемісі

Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылдық округінде «Zhas Project» жастарды дамыту корпусы жобасының жеңімпаздары ауылдастарына арнап шаштараз ашты.

Жуырда ғана 1 млн теңгені ұтып алған жоба жетекшілері Индира Төлепова, Айымгүл Ажығалиева, Таңшолпан Абилова шаштараздың ауылға ең керекті нысан екенін ескеріп, уақыт оздырмай кәсіптерін бастауды жөн санапты. Салтанатты шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов қатысып:

-Жастар жылында осындай қайтарымсыз қаржы беріп, елдің игілігін қоса ескеріп отырған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Еңбектерін жемісін таба берсін,-деген ақ тілегін арнады.

5

5

Жоба талаптарына сәйкес грант иегерлері алғашқы 6 айда әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы,жалғызбасты аналардың өзіне, отбасына тегін қызмет көрсетеді. Аты шаштараз болғанымен, мұнда маникюр, педикюр, бет әрлеу, арнайы шаш үлгісін жасау сынды көптеген қызмет түрлері ұсынылады.

5

5

Айта кетсек, «Zhas Project» жобасы бойынша ауданнан 20 грант иегері анықталып, күні бүгінде соның 2 кәсібіне кірісіп кетті. Алдағы уақытта да жастардың жаңашыл идеяларымен жүзеге асып жатырған жаңа нысандар мен жобалардың куәсі боламыз деген сенімдеміз.

А.САТАЕВА

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?