Техникалық қызметкерлерді құрметтеді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінде білім беру ұйымдарында ұзақ жылдар еңбек еткен бір топ көп балалы техникалық қызметкер аналарға құрмет көрсетілді.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» филиалының төрайымы Индира Алмурзина шара қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, аналарға «Алғыс хат» және сыйлықтар табыс етті.

З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебінің қызметкерлері концерттік бағдарлама дайындап, өнерлерін ортаға салды. Аналар үшін жазылған ақ дастарқан басында әдемі тілектер айтылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

Түн ұйқысын төрт бөліп, әлпештеп өсірген асыл аналарымызға әрқашан құрмет көрсету перзенттік парызымыз.

Б.МӘЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521