Түбегейлі өзгерістер күтіп тұр

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII –ші съезінде ел дамуының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық бағдарламасы жан-жақты талқыланды.

Әсіресе, әлеуметтік салаға айырықша назар аударылды. Бұл орайда, халықты қолжетімді, әрі сапалы медициналық қызметпен қамту бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Елбасы әлі күнге дейін дәрігерлік пункті жоқ алыстағы елді-мекен тұрғындарын медициналық қызметпен қамту міндетін алға қойып отыр. Соған байланысты ауданымызда да біршама жоспарлы жұмыстар қолға алынуда. Атап айтар болсақ, алдағы уақытта бұрыннан ізі бар Береке, Алмалы, Талдыкөл, ескі Сарайшық елді мекендеріне жаңадан медпункт үйлері салынады. Сондай-ақ, аудан орталығынан жырақтағы Көздіқара, Еңбекшіл ауылдарына да талапқа сай алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, емдеу мекемесін салу көзделуде.

Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылы Ақтоғай, Сарайшық дәрігерлік амбулаториялары күрделі жөндеуден өтпек. Барлық амбулаториялар жедел жәрдем көлігімен, қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтылатын болады. Бастапқы емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы 20-25 пайызға өсетіндігі де көңілге қуаныш ұялатады. Елбасы медицина саласы бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа қолайлы, әрі тиімді болатындай етіп, одан әрі тереңдету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Заман талабына сай, «Қағазсыз медицина» пилоттық жобасы, медициналық қызметті сандық жүйеге көшіру жалғасын табатын болады. Жалпы еліміздегі көшбасшы партияның кезекті съезі халықтың көкейінде жүрген күрделі мәселелердің оңтайлы шешілуіне жол ашып отыр. Жиырма жыл бойы қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұқтажына қарайласып, береке-бірлікке бастаған партия келелі кеңес өткізіп, алдағы ауқымды міндеттерді белгілеп берді. Ұлы мұраттарға ұмтылған барша қазақстандықтар съезд шешімдерімен жігерленіп, партия төңірегіне тығыз топтаса түседі деген сенімдемін.

Марат ШУАҚБАЕВ,

Махамбет аудандық орталық аурухана директорының міндетін уақытша атқарушы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521