Сот жүйесінің жеті түйіні

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынды. Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы».

Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру. Ең бастысы, бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігінің әділдігін, жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі күні «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасымен ел соттарының ғимараттарында арнайы татуласу ор­талықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, заңгерлер, нотариус­тар, психологтер, сот орындаушылар біріге көмек көрсетеді. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін жүзеге асуда. Сотқа жүгінушілер құқығын қорғауда судьямен қатар, әрбір сот маманы да өз міндетін мүл­тіксіз орындауы тиіс. Басына іс түсіп келген адамдармен сөйлесудің өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, судья мен маманның әрбір іс-­әрекеті сотқа келушінің көңіл-­күйімен қоса, сот әділдігіне деген сеніміне де әсер етеді.

Өткен жыл аудандық сотта заманауи үлгіде «Татуластыру орталығы» ашылып, халықты қолайлы, әрі дауды татуласумен шешуге өз септігін тигізуде. Онда медиаторлар, психологтер өз жұмысын атқаруда. Тараптар өз мәселесімен қай мезгілде болмасын жолығып, керекті сұрақтарына жауап алып, медиаторлардың көмегіне жүгіне алады.

Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының қолдауымен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында, ауданымызда беделді, халыққа сөзі жүретін, зиялы тұлғалар, отставкадағы судьялар қатарынан құрылған 7 мүшеден тұратын Билер кеңесі құрылып, даулардың сотқа дейін және сотта медиациямен, бітімгершілікпен аяқталуына үлесін қосуда.

Азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік берілуі, сотының тәуелсіз және әділ болуы тәуелсіз мемлекеттің басты бел­гілері.

С.А.АМАНТАЕВ,

Махамбет аудандық сотының судьясы.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521