Әсемдік пен әдеміліктің әлемі

Шуақты да шұғылалы көктем мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылды.

Нәзік жандылардың құрметіне арналған шараның беташары Ғабит Мүсіреповтің аудармасы «Ана кесімі айнымайды» көрінісімен ашылды. Қаруын асынған әскери киімдегі жігіттер, баласынан айырылған ананың ащы зары, қарғыс-нала, елге қырғидай тиген қанды қол ұлын анасының өз қолымен өлтіруі сынды сюжеттер көзі қарақты көрерменді терең ойдың тұңғиығына батырып, әрі-сәрі күйге түсірді. Мұңды көріністен соң әйел-аналардың құрметіне арналған салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімі Жәрдемғали Ахметовке берілді.

- Қадірменді ақ жаулықты аналар, апа-қарындастар, бүгінгі салтанатты жиынға қатысушылар! Сіздерді көктемнің айтулы мерекелерінің бірі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыс- тыратын көктемнің алғашқы айының басында келуінің өзі жақсылықтың нышаны болса керек. Әйел-ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі. Нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні болып табылады.Сондықтан да гүл көктемнің алғашқы мерекесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып жайма – шуақ күнге бөленетін жарқын күндердің бірі. Мерейлі мереке өнегелі өмірлеріңіз бен биік көңілдеріңізге шырайлы шұғыласы мен шуақты шапағатын шаша бергей деп тілейміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әйелдердің мүддесін қорғау елімізде мемлекеттік саясаттың басымдылықтарының біріне айналды. Түрлі салаларда әйелдердің нақты жетістіктерге қол жеткізуіне ықпал ететін гендерлік теңдік стратегиясы іске асырылуда. Қазақ әйелі біздің қоғамдағы ең жинақы, ең серпінді күш. Біздің бойымызға шығыстық икемділік пен батыстық ынталылық қасиеттер қатар қонған. Содан болар қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа араласқанда алдымен жұртшылыққа пайда әкелуге ұмтылатыны белгілі. Сондықтан да қазақ әйелінің табиғатында әлеуметтік жауапкершілік басым. Бұл дәлелденген өмір шындық. Қыз-келіншектер табысқа қол жеткізуге, еліне пайдасын тигізуге, жақсы өмір сүруге қабілетті. Бұл өмірде барлық істе де әйел қолының ізі жатыр. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбітшілік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сеніміміздің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіздер.

Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің №11  14 наурыздағы санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521