Қоршаған ортаны қорғау – басты міндет

Қызылқоға ауданында «Өсімдіктер карантині, оларды қорғау және мал тұқымын асылдындыру бағытында облыс аумағында атқарылатын шаралар» тақырыбында көшпелі агро оқыту ұйымдастырылған болатын.

Бұл агрооқыту мәжілісінде ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмі - шегіртке зиянкестеріне қарсы, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету, өсімдік өнімдерін тиісті құжаттарымен тасымалдау, биыл атқарылатын жоспарлы іс-шараларға бақылау жасайтын шұғыл әрекет ету штабын құру, әрбір лауазымды тұлғаға нақты тапсырмалар жүктеу және олардың орындалысына бақылау жасау тұрғысында өтті.

Фитосанитариялық есептiлiктi уақтылы ұсынбау жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталған жайттарды ескере келе айтарым, барлық шаруашылық иелері фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу кезінде адамдардың денсаулығына зиян келтірмей, қоршаған орта ластануын болдырмау – ең басты міндет екенін түсіну керек.

Б.ДӘУІТБАЙ,

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясының бас маман – өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521