Межеміз бір, еңбегіміз ортақ болуы тиіс

Кеше бәрімізге белгілі ел тарихында елеулі өзгеріс орын алды. Елімізді отыз жылға жуық уақыт басқарып келген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтатты.

Оның бүтіндей бір елді осынша жыл басқарып, талай сын сағаттарда тығырықтан жол таба білуі – еліне қалтықсыз берілгендігінің анық көрінісі емей немене? Еліміз осы жылдар ішінде тұтас бір ғасырға жүк болатын ғаламат жетістіктерге қол жеткізді деп айтуға толық негіз бар. Дүниежүзілік қауымдастық­тың ең беделді де белді мүшесіне айналуымыз,  елордамыз әсем де ару Астананың бой көтеруі, бүкіл дүниежүзінің назарын аударған EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің ойдағыдай жоғары дәрежеде өтуі мұның бәрі де – Нұрсұлтан Назарбаевтың елі үшін жасаған ерен еңбегінің жарқын көрінісі.

Ол үнемі еліміздің қозғаушы күші жастарды  қолдап, назардан тыс қалдырмады. Жастардың барынша  сапалы білім алуына, кәсіпкерлікке ден қойып тұтастай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық жағдайды жасады.  Ең күрделі кезеңде қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы, жаһандық дағдарыс жайлағанына қарамастан елорда төрінде бой көтерген әлемдік деңгейдегі университет пен зияткерлік мектептер бар.  Мұның барлығы  жастардың жарқын болашағына арналған бастамалар.

Енді біз жастар қауымы жұдырықтай жұмылып, мемлекет жасаған қамқорлықты бағалап қана қоймай, елімізді қорғап, нығайтып, бар біліміміз бен білігімізді, күш-қуатымызды Отанымыздың өркендеуіне жұмсауымыз қажет.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлының жастарға артқан сенімін қолдай отырып, әрқашан ел мерейі үшін қалтықсыз қызмет етуге ұмтыламыз.

Саян МЕДЕНОВ,

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы

 және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521