Еңбек дауларын шешу тәртібі өзгерді

2015 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасының №414- жаңа еңбек кодексінің қабылдануымен еңбек дауларын шешу тәртібі елеулі өзгерді, оның ішінде келісу комиссиясының жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктерді қарастыру міндетін нақты айқындап отыр.

Жаңа Еңбек кодексінің айырмашылығы - келісу комиссиясы еңбек дауын, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, үй жұмыскерлерін, заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын және заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының, сондай-ақ заңды тұлғаның жеке дара органының басқа да мүшелерін қоспағанда, еңбек кодексінде көзделген еңбек шарттарынан, ұжымдық шарттардан және жұмыс берушінің актілерінен туындайтын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері жөніндегі жеке еңбек дауларын қарайды. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарына оның ішінде әскери қызметтегі адамдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге аталған Ереже талаптары қолданылмайды.

Жұмыскерлердің немесе жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы болып табылады. Сонымен қатар келісу комиссиясы мүдделі тараптың өтінішін міндетті түрде тіркеп, 15 жұмыс күнінің ішінде өтініш берушінің немесе оның өкілінің қатысуымен қаралуы қажет. Келісу комиссиясының дауды белгіленген мерзімде реттемеуі сотқа жүгіну үшін негіздеме болып табылады. Егер тараптар арасындағы дау келісу комиссиясының шешімімен толықтай немесе оның бір бөлігіне келіспейтін болса, дау реттелмеген болып есептеледі және келісу комиссиясының шешімімен келіспейтін тарап сотқа жүгінуге құқылы болып табылады. Еңбек кодексінің талаптары бойынша келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін арнайы мерзімдер көзделген. Атап айтқанда жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шартының тарабы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бас- тап екі ай. Басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауының тарабы Еңбек кодексінің 160-бабында көзделген келісу комиссиясына жүгіну мерзімін өткізіп алған жағдайда да, келісу комиссиясы жұмысшының арызын қарауға тиіс, бұл осы шешіммен келіспейтін тараптың одан әрі сотқа тиісті талап арызбен жүгіну құқығын іске асыруына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 160-бабында көзделген, яғни жеке еңбек даулары бойынша жүгіну мерзімдерін көрсете отырып, дауды мәні бойынша шешуге тиіс.

Егер жұмыс беруші тарапынан еңбек құқықтары бұзылғаны анықталмағанымен, бірақ ол Еңбек кодексінде көзделген сотқа жеке еңбек дауын қарау бойынша жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғаны анықталса және ол ескіру мерзімін қолдану туралы екінші тарап сотқа тиісті түрде ұсыныс келтірсе, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде осы құқықтардың бұзылғанын көрсете отырып, сотқа жүгіну мерзімінің өткізіп алынғанына байланысты талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруға дербес себеп болып табылады.

Б.КАДЫРГАЛИЕВ,

Махамбет аудандық сотының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521