Аналар өнерлерін ортаға салды

"Қызғалдақ" бөбекжайының "Жұлдыздар" тобында тәрбиеші А.Мұратқызының ұйымдастыруымен "Ана біздің күніміз, біз ананың гүліміз!" атты аналар сайысы өтті.

Мерекелік шараға ата-ана Г.Избулова қызы Аянатпен, А.Асанова қызы Айкөркеммен, Ғ.Адилгазиева қызы Бақытыммен, Ш.Сыдықова қызы Іңкармен қатысты. Аналар өздерін таныстырып,қыздары өнерлерін көрсетті. Аянат "Қошақаным", Бақытым "Осылай бола ма?", Іңкар анасымен бірге "Ақ құсым" әндерін орындап берсе, Айкөркем жеңіл гимнастикалық жаттығудан би көрсетті. Сайыстың үшінші бөлімі бойынша аналар дайындап әкелген тағамдарының жасалу жолдарымен таныстырды. Соңғы төртінші бөлімде ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді.

Мерекелік шара соңында балалар аналарына өздері дайындаған сыйлықтарын табыс етті.

Г.ҚҰБАШЕВА,

"Қызғалдақ"бөбекжайының әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521