Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының ғимаратында, осыдан 13 жыл бұрын мойын омыртқасынан ауыр зақым алып, аяқ-қолы қозғалыссыз қалған жерлесіміз Александр Чечинге замануи электронды қоларба табыс етілді.

Қайырымдылық шарасын ашқан аудан әкімінің орынбасары Зұлқарнай Мұқашев тағдыр тауқыметін тартқан Александрды жылы сөздерімен жұбатып, бүгінгі қуанышты сәтімен құттықтады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Сисенов жерлесімізге облыс бойынша барша қайырымды жандар көмек қолын созғанын, ауданда бұған дейін бірнеше қайырымдылық концерттер, спорттық шаралар ұйымдастырылғанын, аудандық мешіттің бас имамы Ержан Иманғалиевтың бастамасымен жамағаттардан да қаржылай көмек ұсынылғанын, жомарт жүректі жандардың қамқорлығының нәтижесінде құны 600 мың теңге тұратын заманауи электронды қоларбаны сатып алудың сәті түскенін айтып өтті.

Қайырымдылық шараларының өткізілуіне, қажетті қаржының жиналуына мұрындық болып, бастан-аяқ осы жұмыспен айналысқан ауданымыздан құрылған «Ержүректілер» спорт клубының жетекшісі Мұхадия Қуангереевтің жолдасы Гүлден Өтебалиева, Атырау облыстық муай-тай спорт клубының әдіскері Нұрберген Амиржанов, Александрдың сыныптас досы Ринат Абдугалиев, «Жайық жастары» еріктілер тобының жетекшісі Алтынбек Құбылбай Александрды жаңа қоларбаға қол жеткізуімен құттықтап, «тезірек жазылып кет» деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. «Асу-Үміт» қайырымдылық қорының мүшесі Гүлназ Төрегелдиева қоларбаны сатып алудан артылған қаржының қалған бөлігін А.Чечинге табыс етті.

https://youtu.be/9e4V2ap9guA

 

Баян СҮЙЕУОВА

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.