Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Алмалы ауылдық округі әкімі Қ.Қойшығали Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабын басшылыққа ала отырып, Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу» туралы №615 Жарлығына сәйкес кезекті 2018 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2019 жылы атқарылатын жұмыстары жөнінде Береке ауылы тұрғындары алдында есеп берді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Оның айтуынша, ауылдық округ бойынша күні бүгін119 шаруа қожалығы тіркелсе, оның 51-і жұмыс жасап,жер учаскелерін мақсатты пайдаланып отыр. Жерін пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарына зерделеу жүргізіліп, соның нәтижесінде 63 шаруа қожалығына акт толтырылып, кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Шаруа қожалықтары бойынша 2018 жылы егілген егін мен алынған өнім көлемі төмендегідей: картоп – 54 га, өнімі -1058 тн, көкөніс -53 га, өнімі- 1849 тн, бақша - 28 га, өнімі -1122 тн. болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жанданып келеді. Мал шаруашылығымен 31 шаруашылық айналысады. Оларда МІҚ 310, қой-ешкі 104, жылқы 229, түйе 35, құс 325, шошқа 235 бас тіркелген. «Алмалы құс» ЖШС –інде құс басы – 316255, алынған өнім (жұмыртқа) – 100 млн. 707дана, 348 т құс еті өндірілді.

Әлеуметтік бағдарламалар негізінде «Өңірлерді дамыту-2020» бойынша 2018 жылы осы бағдарлама шеңберінде 2 млн. 355 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, Алмалы ауылында жаяу жүргіншілер жолы пайдаланылуға берілді. 2019 жылы 3 млн. 800 мың қаржы бөлініп, Береке ауылынан балалар ойын алаңы жаңғыртылатын болады. Ауыл кәсіпкерлері де елдің дамуына өз үлестерін қосуда. 2018 жылы Алмалы ауылдық округі бойынша жаңадан 4 дүкен, 2 жылыжай, мал сою орнымен асханасы іске қосылды. Барлық жеке кәсіпкерлермен негізсіз баға көтермеу жөнінде меморандум жасақталды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2018 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа форматтағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» бойынша ауылдық округтен 27 отбасы өтініш беріп, 4 млн. 72 мың теңге алған. Жыл басынан бері 66 ресми жұмыссыз тіркеліп, оның ішінде 18-ы маусымдық, 67-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Күні бүгін округ бойынша жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер саны 48-ді құрап отыр.Жалпы ауылдық округ бойынша жыл ішінде 123 мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген. Олардың ішінде 1 топ 14адам, 2-топ 48, 3-топ 42, бала саны 19. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың 13-уі жоғары, 26-ы арнаулы орта, 84-і орта білімді. Олардың 61-де өмірлік, 62-інде мерзімдік анықтамалары бар. Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көмекші және гигиеналық құралдар, сауықтыру шаралары алынуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың 16-сы жұмыспен қамтылған.Жыл ішінде округ территориясына қарасты мекемелердің демеушілігімен мүгедектерге,аз қамтылған отбасыларына 139 адамға 753 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

БІЛІМ САЛАСЫ

Алмалы ауылдық округі бойынша 2 мектеп, 1 балабақша жұмыс істеуде. Алмалы орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында 635 оқушы білім алуда. Шалғай елді мекенде тұратын 26 оқушы мектеп көлігімен тасымалданады. МАД тобында 83 бала, шағын орталықта 40 бала білім алуда. Мектеп бойынша білім сапасы І жартыжылдығында 55,8 пайызды құрап отыр. Орта мектепте 77 мұғалім еңбек етеді. Ыссы тамақпен қамту мақсатында 1-4 сынып оқушылары мен жартылай жетім, аз қамтылған 33 отбасындағы 383 балаға 12 млн. 682 мың теңге қаражат бөлініп, ыссы тамақпен қамтылып отыр. Береке орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында 602 оқушы білім алуда, 65 мұғалім жұмыс жасайды. Аз қамтылған отбасы балалары мен бастауыш сыныпта оқитын балаларды ыссы тамақпен қамту мақсатында 315 балаға 10 млн 210 мың теңге қаражат бөлініп, ыссы тамақпен қамтылып отыр. «Бұлбұл» бөбекжайында 250 бала тәрбие алуда. Барлық қызметкер саны -68, оның 28 педагог қызметкерлер. Бөбекжайдың жылдық бюджетті 44 млн. 555 мың теңге болды. Материалдық – техникалық жағдайын жақсарту мақсатында қосымша 14 млн. теңге бөлінді.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

Округке қарасты 1 емхана және 1 медпункт жұмыс жасауда. Алмалы дәрігерлік емханада 1дәрігер, 1фельдшер, 7 медбике еңбек етсе, Береке елді мекеніндегі медпункте 1 дәрігер, 1 фельдшер 3 медбике жұмыс жасайды. 2017 жылы 201 бала дүниеге келіп, өлім көрсеткіші 15 болса, оның ішінде бір жасқа дейінгі бала 2-у, ал 2018 жылы 219 бала дүниеге келіп, өлім көрсеткіші 32 болса, бір жасқа дейінгі бала өлімі 4- еу болды. Жүктілікпен есепке алынған әйел саны 186. Одан ерте есепке алынғаны 74. Флюорография тексеруге 1331 жоспарланған болса, орындалысы 1294. Туберкулезбен аурушаңдық –3 адам тіркелді.

ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ

Алмалы ауылдық округі бойынша 2 учаскелік полиция, 2 көмекшісі, 1 ювеналды полиция инспекторы қызмет атқарады. Есепті мерзім ішінде әртүрлі құқық бұзушылықтар жасаған 360 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 70 адамға ескерту, 250 адамға әртүрлі мөлшерде айыппұл салынды. 34 адамның ісқағаздары аудандық сотқа жіберілді. Әкімшілік қадағалау ықпалына жататындар есебінде 2 адам бар. Тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу туралы заңын басшылыққа алып, отбасы тұрмыстық қарым – қатынастар саласында қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 25 азаматқа қорғау нұсқамасы беріліп, полиция бөлімінің профилактикалық есебіне алынды. 2018 жылы округ бойынша 25 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның ішінде 13 қылмыс ашылды.

САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ

Ауылдық округі бойынша санитарлық-тазалық, көркейту, көгалдандыру айлығы кезеңінде 290000 теңге қаражат қаралып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Айлық барысында 275 бұралқы ит-мысықтар жойылып, 34 тұрғынға ескерту берілді. Бұдан әрі округ әкімі Қ.Қойшығали 2017 жылдың қорытындысымен есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысына қысқаша тоқталды. Тұрғындар жиынын қорытындылаған аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы Береке ауылы бойынша төмендегі қордаланған мәселелердің шешілу жолдарын тарқатып айтты.

1. Тас жолдар бойынша: Береке ауылішілік 2,4 км тас жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өтіп, қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргелі отыр. Ал қалған 17,6 км тас жолдарына жобалау сметалық құжаттары жасақталып, сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы келгеннен кейін қаржысы сұратылып,қаржы бөлінгеннен кейін жұмыстары ары қарай жалғасын табады.

2.Электр желілері бойынша: Көшелерге электр желісінің құрылысы бойынша жаңа мөлтек аудандарға бағаналар орнатылып, қуаттылығы әрқайсысы 630 вольттық 2 трансформатор қондырылды. Қазіргі кезде жаңадан салынған мөлтек аудандардағы үйлерге тоқ желісі тартылып, жұмыстары аяқталды.

3.Таза су бойынша: Береке ауылы бойынша су желілері қазіргі таңда «АтырауСуАрнасы» мекемесіне келісім-шарт арқылы беріліп, 300-ден астам тұрғын үйді таза сумен қамтып отыр, Жаңадан салынған мөлтек аудандарға әзірше су желілері тартылмағандықтан, арнайы рұқсаты бар су таситын автокөлікпен қамтамасыз етіліп отыр.

4.Тазалық бойынша: Қазіргі уақытта «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-і мекемесімен жасалған келісім-шарт негізінде аталған мекеме апта бойы ауылға келіп, тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Н.ТЕЛЬМАН.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.