Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Осындай тақырыпппен аудандық жастар ресурстық орталығында «Ақ жол» Махамбет мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының ынтымағы мен достығын насихаттауға арналған шара өтті.

Оны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов кіріспе сөзбен ашып, шараның жүру барысынан хабардар етіп, қазылар алқасымен таныстырды. Қазақ, орыс, корей ұлт өкілдері қатысқан тағылымды шараның бірінші бөлімі өзін-өзі таныстырудан басталды. Бұл сыннан қатысушылардың бәрі де сүрінбей өтті.

Ал екінші бөлім сайыскерлер үшін күрделірек болды. Өйткені, «үш жүздің басын біріктірген хан кім? Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша? қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? Қазақстанда қандай қорықтар бар? Мемлекеттік рәміздердің авторлары кім?» деген сияқты сұрақтар сайысқа қатысушыларды қапелімде ойландырып тастады. Толық болмағанмен жобаға соғатын жауаптарды қазылар алқасы есепке алды.

Сайыстың үшінші бөлімінде әркім өз өнерлерін көрсетіп бақты. Әрине, ауданға танымал өнерлі отбасы Е.Питерсков пен К.Алиевалар қамшы салдырмай, тәрбиелік тағылымы мол термелерді бірінен соң бірін төкпектетті. Ал сайысқа қатысушы А.Исағалиевтың зайыбы Юн Вероника алқа, білезік сияқты қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады екен. Қазақшасы мықтымын деген кез келген қазақты орта жолда қалдыратын орыс қызы С.Есаулова қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың туған тіл, Отан туралы өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Сайысқа қатысушыларға сый-сияпатын ұсынған «Ақ жолдың» жетекшісі Қ.Құрмашев алға қарай да қазақстандықтардың рухани жаңғыруына септігін тигізетін осындай тағылымды шараларды жүйелі түрде жалғастыратынын жеткізді.

Е.НҰР.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.