Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы өткізілді.

Акция аясында барлық білім беру ошақтарында педагогикалық ұжымдар мен оқушылар, ата-аналармен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндіру дәрістері оқылып, кеңестер берілді. Аудандық ішкі істер бөлімі алдында өткен «Мен және менің полицейім» акциясын Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақбөбек Елешова ашып, акцияның мақсатымен таныстырды. Оған Д.Төленов мектеп-гимназиясы, Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Қ.Ахмедияров, Жалғансай, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектептерінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Махамбет АІІБ-нің тілмен қамтамасыз ету тобының қару-жарақ қойма меңгерушісі, қару шебері, полиция аға сержанты Мұхтар Алдабергенов балаларға полицейлердің тұтынатын құрал-жабдықтары, қару-жарақтары, қорғаныс киім-кешегін көрсетіп, оларды қандай жағдайда пайдаланатынын айтып өтті. Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қуаныш Шонышев та қару-жарақты қалай пайдалануды көрсетіп, суық қаруды бір-біріне кезеуге болмайтынын, абайсызда атылып кетуі мүмкін екенін еске салды. Оқушыларды полицейлердің қорғаныс құралдары, формасындағы мундирі, оққағар кеудешелері мен каскасы қатты қызықтырғанын байқадық. Олар тіпті құрал-жабдықтарды, қорғаныс киімдерін көріп қана қоймай, оларды үстеріне киіп те көрді.

Қоғамдық орындар мен жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау жайы да кеңінен сөз болды. Кез келген қылмыстың кінәлісін іздегеннен қылмыстың алдын алған тиімді. Сондықтан жасөспірімдер үнемі бақылауда болуы тиіс. «Сақтансаң, сақтармын» дегендей, қай кезде де сақ болып жүргенге не жетсін.

А.ТЕКЕБАЙ.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.