Атырау облысының прокуратурасы «Атырау Энергосату» ЖШС-нің тұрғындарды электр энергиясымен жабдықтау кезінде 120 млн. теңге шамасында негізсіз пайда көру фактісін анықтады.

Атырау облысының прокуратурасы «Атырау Энергосату» ЖШС-нің тұрғындарды электр энергиясымен жабдықтау кезінде 120 млн. теңге шамасында негізсіз пайда көру фактісін анықтады. Тұрғындарға келген шығынды қайтару мақсатында монополистпен тариф 5,31 теңгеден 4,51-ге түсірілді.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасының актісімен сот тәртібімен 7 монополист мекеменің тарифтері ықтиярсыз бұзылды және уақытша өтемдік тарифтері бекітіліп, 57 мың азамат пен 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

4 мың кәсіпкер электр энергиясы үшін алдын ала төлем енгізу міндеттемесінен босатылды. Заңға сәйкес тұтынушы нақты тұтынған энергиясы үшін төлем жасау қажеттілігіне орай, монополисттің 100% алдын ала төлем жасау туралы талабы құқыққа қайшы деп танылды. Келесі жағдайда, «Жылыой су» ЖШС-і материалдық ресурстар алу шығындарын негізсіз қосу және штат санын жасанды көтеру арқылы қызмет құнын заңсыз көтерген.

Ықпал ету шараларымен Жылыой ауданы тұрғындары үшін тариф су беру бойынша 200-ден 149 теңгеге, жылу бойынша 2 500-ден 1 870 теңгеге, сарқынды суларды бұру бойынша 99-дан 71 теңгеге төмендетілді. Электро және жылу энергиялары үшін тарифті қалыптастыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселесі прокуратура органдарының қатаң бақылауында.

Өз тілшіміз.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.