Ақжайық ауылының «Бақжайық» мәдениет үйінің жанынан құрылған, бүлдіршін қыздардан тұратын «Қызғалдақ» би тобы «Ел жүрегі Астана» атты XV - Халықаралық «Ақ көгершін» фестиваліне қатысып І-ші орынға ие болды.

Астананың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл сайысқа әр облыстан жиналған 14 би тобының арасынан жүлделі І-орын алу үлкен еңбектің жемісі деп білеміз. Ат арытып алыстан барған еңбектерінің ақталғанына қуанған ұстаз шәкірттерін қыдыртып, «Көк төбені» көрсетіп, балалар каникулының қызықты өтуіне ықпал етті. Жоғарғы білімді би маманы Анар Өтеғалиеваның кішкентай ауылдан үлкен өнерпаздарды шығарып жүргенініне ауыл адамдары да риза. Жетекшілерінің үйреткенін бұлжытпай орындап, айтқанын екі етпейтін балалар да биші апайларын жақсы көреді. Біз де би ұжымына сәттілік тілейміз.

Қ.Джакиев,

«Бақжайық» мәдениет үйінің басшысы.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.