Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

«Өнерпаз» мәдениет үйінде тұрмыстық газды дұрыс тұтыну төңірегінде тұрғындар жиыны өтті.

Оны Махамбет ауылдық округі әкімі Б.Мыңбаев жүргізді. «КазТрансАймақ» АҚ Атырау АТӨФ Махамбет газ шаруашылығының директоры С.Аманғалиевтың айтуынша, табиғи отынды пайдалануда бірқатар ережелердің сақталуына тұрғындар немқұрайлы қарайтын көрінеді.

- Тұрғындарға қанша айтсақ та газды тұтыну қауіпсіздігін сақтай бермейді. Соның кесірінен өмірлеріне қауіп төніп, кейбірі газге уланып, көз жұмып жатады. Үйлерді тексеру кезінде 2006 жылдан бері тұрған жылыту қазандығын(гарелка) көргеніміз бар. Оны он екі жылдан бері әлі пайдаланып келеді. Тозып, істен шыққан гарелканы пайдалана беру дұрыс емес. Көп адамдар гарелканы пештің ішіне салып тастаған. Ереже бойынша ол пеш ішінде емес, бөлек салынған ғимаратта орналасқаны дұрыс.

Қазіргі уақытта біздің қызметкерлеріміз үй-үйді аралап, газдың берілуін, түтіндіктің жұмысын(дымоход) тексеруде. Алайда кейбір тұрғындар мұны ақша жинау үшін жасалған алаяқтық әрекет деп қабылдап жатады. Тіпті келген газ шаруашылығының мамандарын үйлеріне кіргізбейтіндер бар.

Әрине, тұтынып отырған жылыту жүйесін қарату-қаратпау әркімнің өз еркіндегі нәрсе. Алайда, отбасының амандығын ойлайтын адам мұндай кері тартпалыққа бармауы керек. Газ тұрбаларын майлап-сайлап, котелді қарайтын «РЦКУ-Атырау» деген мекеме бар. Әр газ тұтынушы жылына бір рет ол мекемемен келісім-шартқа отырып, 4865 теңге төлейді. Есесіне олар ауылдың ішіндегі барлық үйге қызмет көрсетеді. Тағы бір айта кетер жайт, кез-келген ас үйде дабылқаққыш болуы керек. Себебі, газдың иісі бірден білінбейді. Ал, автоматты дабылқаққыш иісті бірден айырып дабыл береді, – деді С.Аманғалиев.

Әрине, тұтынып отырған жылыту жүйесін қарату-қаратпау әркімнің өз еркіндегі нәрсе. Алайда, отбасының амандығын ойлайтын адам мұндай кері тартпалыққа бармауы керек. Газ тұрбаларын майлап-сайлап, котелді қарайтын «РЦКУ-Атырау» деген мекеме бар. Әр газ тұтынушы жылына бір рет ол мекемемен келісім-шартқа отырып, 4865 теңге төлейді. Есесіне олар ауылдың ішіндегі барлық үйге қызмет көрсетеді. Тағы бір айта кетер жайт, кез-келген ас үйде дабылқаққыш болуы керек. Себебі, газдың иісі бірден білінбейді. Ал, автоматты дабылқаққыш иісті бірден айырып дабыл береді, – деді

С.Аманғалиев.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.